Сабақтың тақырыбы: Тармақталу алгоритмі. Шартты көшу операторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - Тармақталушы алгоритм ұғымымен, шартсыз және шартты операторларын ажырата білуді меңгерту, жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық – Оқушылардың белсенділігі мен біліктілігін, ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, өрнектерді пайдаланып компьютерде жұмыс істеуін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі басқаруға және бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа қағаздар, бағалау парағы, компьютер, экран, проектор, электрондық оқулық, сабақтың өту жоспары слайд түрінде дайындалған.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
оқушылармен сәлемдесу
-
келмеген оқушыларды белгілеу
-
сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру
ІІ. «Мен нені білемін?» Үйге берілген тапсырманы тексеру
-
Алгоритмдік тілде шамалардың қандай типтері қолданылады?
-
Алгоритмнің жалпы жазылу пішіні қандай?
-
Программа қандай бөліктерден құралады?
-
Программаның жалпы жазылу түрі қандай?
-
Деректерді пернетақтадан енгізу операторы
-
Деректерді дисплей экранына шығару операторы
-
Сызықтық программаларды құру үшін қандай операторлар қолданылады?
-
Паскальда құрылған бағдарламаны орындау командасы
-
Меншіктеу операторының белгісі
Жауаптары:
а. нақты, бүтін, литерлік
b.алг алгоритмнің аты (типі көрсетілген аргументтер мен нәтижелер тізімі)
басы типі көрсетілген аралық шамалар тізімі
енгізу
командалар сериясы
шығару
соңы
с. Программа үш бөліктен тұрады: тақырыптан, сипаттау бөлімінен және операторлар бөлімінен.
d. program программаның аты;
var: айнымалылар бөлімі;
begin
readln (берілгендер тізімі);
операторлар бөлімі
writeln (нәтижелер тізімі);
end.
e. read операторы
f. write операторы
g. program программаның аты;
var: типі көрсетілген айнымалылар тізімі;
begin
readln (берілгендер тізімі);
операторлар бөлімі
writeln (нәтижелер тізімі);
end.
-
Run
-
‘:=’
ІІІ. «Білім шыңына өрлейік!» Жаңа сабақты түсіндіру
Программа операторының табиғи орындалу реттілігін өзгерту үшін басқаруды беру операторларын пайдаланады:
-
шартты өту операторы IF
-
шартсыз өту операторы GOTO;
Шартты өту операторы IF
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if(иф) - егер, then(зен) – онда, else(элс) - әйтпесе. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар IF және CASE.
Толық оператордың жазылу түрі:
|
Алгоритмдік тілде
|
Pascal тілінде
|
Блок-схемада:
|
|
А) Толық пішімі:
|
|
егер <шарт>
онда <1-әрекет>
әйтпесе <2- әрекет>
бітті
|
if шарт then 1-серия else 2-серия;
|
|
|
Ә) Қысқартылған пішімі:
|
|
егер <шарт>
онда <әрекет>
бітті
|
if шарт then серия;
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
=
|
Тең
|
>
|
Үлкен
|
<
|
Кіші
|
>=
|
Үлкен немесе тең
|
<=
|
Кіші немесе тең
|
<>
|
Тең емес
| IF шартты операторы: IF (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Оның синтаксистік диаграммасы:
Достарыңызбен бөлісу: |