Сабақтың тақырыбы: Таулар



Дата08.09.2017
өлшемі62,99 Kb.
#30196
түріСабақ
Дүниетану пәні 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Таулар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұрын алған білімдеріне және өмір тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан таулары, олардың пайдасы туралы бағыт беру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі: Тақырыптың мағынасын ашып, өздері талдау жасап дұрыс, бұрыстығына көздері жетеді.

Негізгі идеялар: Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңаша ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Тапсырмалар:

Видео сюжет арқылы сыни ойлап тақырып мазмұнын ашады.

Диалог әдіс арқылы бірі—біріне сұрақтар қойылады.

Топтық жұмыстар

Тақырыпқа сай мақал – мәтелдер жазып мағынасын ашу.

Кейінгі тапсырмалар:

Топ мүшелері соңында постер арқылы сабақты қорытындылайды.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, слайдтар, суреттер, өлеңдер,оқулық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері

- Балалар,бүгінгі сабақ басқа сабақтардан ерекше болады.Себебі біз бүгін интербелсенді тақтамен қолданамыз және бізге бүгін құрметті қонақтар келді.Амандасайық

Амансыздар ма, қонақтар!

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, жер ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанамын!.

-Сабақ сайыс түрінде өтеді.1-1 асықтан алыңыздар. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

I топ

II топ


III топ

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Психологиялық дайындық ( оқушылардың көңіл күйін білу)

-Ал, қанекей, балалар

Бері қарай қарайық

Қажет, құрал, кітапты

Алдымызға алайық

Алаңдамай басқаға

Сабаққа назар салайық.

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?Күздегі табиғаттың құбылыстарың атаңыз.Ендеше сайыстың ұпай сандарын күзгі жапырақтармен санаймыз.

II. Өткенді пысықтау:

Бұл бөлім "Кім білгір?"деп аталады.

а) Төбелер тақырыбына класстер құрдыңыздар ма?Сонымен төбе мен таудың ұқсастығы және айырмашылығың атап өтіңіз.

ә)Қазақстанның физикалық картасы.

Жасыл түс – ойпатты жазықтар.

Сарғыш түс – қыратты жазықтар.

Қоңыр түс – таулар.

б) Үй тапсырмасын қорыту барысында сұрақтарға жауап беру:

1-ші топқа сұрақ:Төбелер қалай пайда болды?(Төбе желдің әсерінен үгіділер мен құмның бір жерге жиналуынан,сондай-ақ аласа таулардың мүжілуі нәтижесінде пайда болады.Қазақстанның орталық бөлігі-Сарыарқа өңірінде жиі кездеседі.

2-ші топқа сұрақ:Төбені қандай жануарлар мекендейді?(атжалман,саршұнақ,көртышқан,тышқан,түлкі,қоян,қасқыр.)

3- ші топқа сұрақ:Ежелгі қоныстар мен елді мекендердің орнына пайда болған төбелерді ата.(Ақтөбе,Қаратөбе,Алтынтөбе,Күлтөбе,Жуантөбе.)

в) Интерактивті тақтадан жазық суреттерін көрсету, үй тапсырмасын қорыту.

Үй тапсырмасын қорытындылау барысында білімімізді бейнесюжет көру арқылы толықтырайық.

Бейнесюжет.

Бейнесюжет желісі бойынша сұрақ.

III. Жаңа сабақ.

а) Жұмбақ жасыру.

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарын.(тау)

-Дұрыс айтасыздар.

-Бүгін біз еліміздің сәнін келтіретін таулар жайында айтпақшымыз.

- Ендеше Қазақстан тауларын атап өтейікші. (Алатау, Көкшетау, Тянь-Шянь, Жоңғар Алатауы т.б)

Балалар,жаңағы 3 топ өздеріңізге ақылдасып топтың атын таудың бір атауымен атап,қағаз бетіне түсіруді сұраймын.

ә) Дәптерге күн жадын жазып, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

б) Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Таулар-табиғаттың ғажайып кереметтерінің бірі.Таулар атмосферадағы ылғалды өздеріне тартып,ғаламшарымыздағы су айналымын реттеп тұрады.

Тау-дегеніміз етегі,шыңы,басы,жоны,беткейі,өзен аңғарлары бар,жердің тастардан тұратын ауқымды бөлігі.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды.

Аласа таулар Сарыарқада көп.

Таулардың пайдасы:

Тау – дем алуға қыдырып тынығуға таптырмайтын орын

Таудағы жайлауда мал жайылады

Тау етегінде егін егеді, жеміс бағы мен бақша өсіріледі

в) Слайдтан Ұлытау, Тянь - Шань, Көкшетау суреттерін көрсету.

г)Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқу

Оқушылардан тау, таулы аймақтар жайында білетіндерін сұрау.

- Балалар ,тау жайында не білеміз таулы аймақтардың ауа райы, табиғаты қандай болады? (оқушылардан толық жауап алу)

- Таулы аймақтың ауа райы қандай болады? «жаңбырлы»

ғ)«Таудағы жаңбыр» тренингі

Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.Алдыңызда тұрған адамның арқасынан ақырын ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай ақырын ұрамыз.Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңызды сұраймын.

е) Картамен жұмыс.

Картадан тауларды көрсету.

-Картада таулар қандай түспен белгіленеді? (қоңыр)

ж)"Кім тапқыр?"бөлімі. Қазақстанның физикалық картасынан таулардың орналасқан жерін тез табу. 1 топ - Сарыарқа таулары

2 топ - Алтай таулары

3 топ - Тянь - Шань тауы

з) Сергіту сәті.

и)"Кім жылдам?" бөлімі. Берілген сұрақтарға жауап беру

- Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығын атау.

- Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы.

- Таудың шаруашылық үшін маңызы.

к)"Ойна да, ойла"Бұл бөлімде әр топ өзіне берілген таудың биіктігін разрядтық қосылғыштарға

жіктейді және картадан тез табады.

1 топ -"Ұлытау"тауы - 1134м=1000+100+30+4

2 топ -"Алтай" тауы - 4506м=4000+500+6

3 топ -"Хан Тәңірі" тауы - 6995м=6000+900+90+5

IV. Ұғымдарын байқау.

а)"Ой - толғаныс"

ә) Оқушылардан тау туралы өлеңдер сұрау.

1 топ - І. Жансүгіров "Көкшетау"

2 топ - И. Байзақов "Алтай"

3 топ - Ж. Жабаев "Таулар"

Қазақтың таулары

Көкшесі бар көңілді қуантатын,

Алтайы бар кенге тұнып тұратын.

Алатауы құстар мен аңға толы,

Баурап алып тұрады дәйім сені.

Бұл қазақтың таулары көктен көрген .

Отаным Қазақстанның мәнін келтірген .

V. Қорытынды

-Балалар, тауларға қандай экологиялық қауіптер төнуі мүмкін деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ойын тыңдап,Постер құрату.

Рефлексия.

- Айтыңдаршы , сабақта сендерге не қызық болды,не ұнады?

Не қиын болды?

Талқылау жүргізіледі.

Әсерлерін жазады.

VI. Бағалау. . Сабақ барысында сабаққа жауап берген оқушыларға жапырақтарды таратып жүрем сол арқылы формативті бағалау жүйесін қолданамын. Әр топтың ұпай сандарын анықтау, сабаққа қатысқан балаларды бағалау.

VII. Үй тапсырмасын беру.

"Таулар "тақырыбын оқу. Тау суретін салып келу. «Таулы мекен» тақырыбында эссе жазу. Таулар туралы қосымша деректер жинау



Тақтадан "Талаптарың таудай болсын!"атты сөз шығару.

Сабақтың аяқталғанын хабарлау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет