б)4-жаттығу
Жаттығу орындауға қойылатын критерий
1.Сөйлемді түсініп оқу 2 ұпай
2.Сөздерді көркем сауатты жазу 2 ұпай
3.Түбір,жұрнақ және жалғауы бар зат есімді теріп жазу 2 ұпай
в)5-жаттығу
Жаттығу орындауға қойылатын критерий
1.Сөздерді көркем жазу 2 ұпай
2.Сауатты жазу2 ұпай
3.Сызбаға сәйкес сөздер жазу 2ұпай
Суретші,теңізде,көк,оқушыны
IV.Бағалау. Оқушылар критерий бойынша өздерін бағалайды
29-32ұп-«5»
24-28ұп-«4»
16-23ұп-«3»
Қорытынды баға
V.Үйге тапсырма 113-бет,3-жаттығу
*****************************************************************
Пән аты:қазақ тілі
Класы:
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімін пысықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімдік: Оқушылардың тәуелдік жалғау туралы білімдерін нақтылау мақсатында жаттығуларды критерии бойынша орындату.
Дамытушылық: Оқушыларға зат есімнің әр жақта тәуелденетінін ұғындыра отырып,сол туралы білімдерін дамыта отырып,ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: адамгершілікке, жауапкершілікке ,ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау-жинақтау
Сабақтың көрнекілігі:кесте,қима әріптер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі .Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II .Негізгі кезең
а)Көркем жазу минуты
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Көркем жазудың критерииі
1.Әріп биіктігінің біркелкілігі 2ұпай__1-жаттығу'>2ұпай
2.Әріп байланысын үлгі бойынша таза,әдемі жазу2ұпай
3.Оңға қарай көлбеу жазу 2ұпай
4.Тәуелдік жалғауы бар сөзді тауып,астын сызу 2ұпай
1-жаттығу
1.Сауатты көркем ,көшіріп жазу 2ұпай
2.Тәуелдік жалғауы бар сөзді тауып,астын сызу 2ұпай
3.Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді жекеше тәуелдеу 2ұпай
2- жаттығу
1.Сауатты,көркем көшіріп жазу 2ұпай
2.Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қойып жазу,ажырату 2ұпай
3.Жұмбақтың шешуін табу 2ұпай
4.Тәуелденген сөздерді сөз құрамына талдау 2ұпай
Сергіту сәті
Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңдар
Бір,екі,үш,төрт,бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсын
Саналарың тынықсын
4-жаттығуды критерии құрып орындату
1.Сауатты,көркем көшіріп жазу 2ұпай
2.Тиісті сөзбен тіркестіру 2ұпай
3.Қай жақта тәуелденгенін ажырату 2ұпай
4.Сол сөздерді сөз құрамына талдау 2ұпай
5.Қолғабым,мектебіміз сөзіне дыбыстық талдау жасату 2ұпай
III.Сабақты қорытындылау
«Қайда менің өз жағым?» ойынын ойнату
Ойын үшін I жақ, II жақ, III жақ деп жазылған және үш жақта жекеше, көпше тәуелденген бірнеше сөз карточкалары жасалады.
Ойын тәртібі: Тақта алдына шақырылған үш оқушыға I жақ, II жақ, III жақ деген карточкалар беріледі.
Оқушылар карточканы алдарына ұстап, бір-бірінен қашық тұрады. Сынып оқушыларына тәуелденген сөз карточкалары үлестіріледі.
Ойын басталысымен тәуелдік жалғауының бірінші жағы болып тұрған оқушы: «Қайда менің өз жағым?» дейді. Осы кезде / жақтың тәуелдеулі сөз карточкалары бар оқушылар / жақтың тәуелдеулі сөз карточкалары бар оқушылар / жақтың қатарына келіп тұруы керек. Осы тәртіппен II, III жақ-тың, карточкаларын ұстаған оқушылар өз жақтарының сөздерін шақырады.
IV.Бағалау. Оқушылар критерий бойынша өздерін бағалайды
Қорытынды баға
29-32ұп-«5»
24-28ұп-«4»
16-23ұп-«3»
V.Үйге тапсырма 33-бет,3-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |