Сабақ: Тәрбие сағат
|
Сынып 8-а
|
Күні: 16.11.2018ж
|
Сынып жетекші: Абдрахманова Г.Қ
|
Сабақтың тақырыбы: Теңге- төл валютамыз
|
Оқу мақсаттары
|
«Теңге- төл валютамыз» тақырыбында берілген мәліметтерді толық түсінеді
|
Сабақ мақсаттары
|
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеті туралы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау, теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, өз елінің мәдени-экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.
|
Тілдік мақсат
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: валюта,ақша,құн,теңге
|
|
Сыныптағы диолог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылымын жақсартуда ауызша тапсырмаларды орындауда сөйлеу дағдылары дамиды.
|
Талқылауларға арналған тармақтар: шығуы,түрі,тану
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Ақша не үшін керек екендігі туралы айта аласыз ба?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Төл теге мақтанышымыз - деген тақырыпта өз ойларын жазады, талқылап айтады.
Даму көзі – источник развития
Деңгей – уровень
Қамтамасыз ететін – обеспечивающий
Үнемді – экономно
Тәуелді болу – быть зависимым
Құнды қағаздар – ценные бумаги
Несие беру – давать кредит
Ақшаны жинау – копить деньги
|
Табыс критерийлері
|
Теңге туралы мәлімет айта алады.
Теңгенің қызметі туралы біледі.
Ұлттық құндылықтарды сақтауды біледі.
|
Алдыңғы тақырып
|
Дені саудың -тәні сау
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
|
Басталуы
|
Ынтымақтастық атмосфера орнату
«Өрмекшінің өрнегін» жасай отырып бір-бірімізге жақсы тілек айтайықшы.
Енді балалар өздеріне қажетті суреттерді таңдап алып орнымызға жайғасамыз.
Әр топ өздерінің тобының атын айтады.
1- топ «Теңге»
2- топ «Сом»
3-топ «Доллар»
Мағынаны тану:
Бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес ойларыңды ортаға салыңдар
Ұлттық валюта-төл теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
|
Ортасы
|
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
|