Барлық оқушылар:
Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалап, иллюстрация негізінде әңгімелей алады.
Көптеген оқушылар:
Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіріп, мәтінді талдай отырып жеткізе алады.
Кейбір оқушылар: Бір досына мінездеме жазып, портретін жасай алады.
Бағалау критерийлері:
Әдеби шығарманың иллюстрация негізінде әңгімелейді. Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтайды.
Қызығушылықты ояту
«Аудио» тыңдалым (аудиодан теңіз, толқын, шағала дауыстары қосылады)
-Балалар қазір балалар барлығымыз жайғасып отырып көзімізді жұмып терең демалайық. Осы бір әнге құлақ түрейік. Ол дыбыстардың қандай дыбыстар екенін ішімізден ойланайық.
-Балалар қандай дыбыстар естілді құлағымызға?
-толқын, су, өзен, теңіз, мұхит, құс
-Тамаша балалар!
-осы біздің теңіз толқыны, шағала дауысы қай жерде болады деп ойлайсыздар?
-Біздің елімізде қандай теңіздер бар?
-Каспий теңізі қай қалада орналасқан?
-Ақтау қандай қала?
Ақтау — Маңғыстау облысының орталығы, қала, теңіз және әуе порты. Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан.Ақтаудың басты ерекшелігі Қазақстанда теңіздің жағасында орналасқан бірден-бір қала екендігі болар. Осы теңіз суы қала халқына тұшытылып беріледі,. Осы теңізге байланысты ерекшелігі – әлемде үйдің үстіне МАЯК орнатылған екінші қала екендігі. Ұмытпасам, маяк үш түрлі түс береді: ақ, көк, қызыл.
-теңізде балалар қандай көліктер болады?
-су көліктерінің қандай түрлері бар?
-Ақтау қаласында әскери теңіз флоты бар.
-кемеде қандай мамандық түрлері жұмыс жасайды?
-ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз француз жазушысы Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» әңгімесінен «Диг Сэнд» әңгімесі.
«Құрастыр» айдары – Сурет бойынша әңгіме құраңдар. – Теңіз флотына қатысты қандай мамандық иелері бейнеленгенін ата