Сабақтың тақырыбы: «Темекі денсалық дұшпаны» «Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсері, олардың алдын ала сақтану шаралары»



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі22,3 Kb.
#76573
түріСабақ
1   2   3
Сабақ барысы:
1. Сәлемдесу
2.Жаңа тақырып. Баяндама
4. Пікірталас
5. Жалғасын тап (мақал – мәтел)
6. Көрініс
Қорытынды.
1 Сәлемдесу.
1. Топ сәлемдесуі «Күркілдеуік» тобы
«Күрк-күрк көкжөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Мүгедек, ауру, демікпе
Өмірге қатер төнеді,
Салауатты өмір сүрейік!
Шекпеңіз дейміз темекі.
-«Шиқылдақ» тобына сәлем!
2-топ –«Шиқылдауық» тобы
Шиық-шиық деп шиқылдап,
Демігіп өкпе қиқылдап,
Табиғат Берген денсаулық
Құртамыз үгіп, қиқылдап.
Денеге дерт боп жетеді,
Әдет боп жаман кетеді.
Зиянды затты көп тұтсаң
Өмірің қор боп өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос!
Зиянды заттан аулақ деп,
Достарыңа ақыл қос!
-«Күркілдеуік» тобына сәлем!
2. Жаңа тақырыбымыз « Темекі - денсаулық дұшпаны» деп аталады, демек, темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы болмақ.
«Темекі қайдан шықты?»
“ Темекі ”деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді. 1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, “ tobacco ” деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған. 1959 жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция елінің ханшайымы Екатерина Медичиге үздіксіз бас ауруынан сауығуға көмектеседі деп темекінің жапырағы мен тұқымын сыйға тартады. Осыдан көп ұзамай – ақ, бүкіл Францияда темекі иіскеу сәнге айналды. Жан Никоның құрметіне өсімдік латынша
“ Nicotiuna ” деген атты иеленді, ал ХІХ ғасырдың басында одан бөлінетін алколоид
“ Никотин ” деп аталды.
Темекінің зияны. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі тартудан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді еген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе, жоғары. Бір түйір темекі тарқан адам 0, 4 - 3, 5мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660мың тонна темекі майы, 550мың тоннадай иісті газ шығады.
Салмағы 1мг темекіде 10 - 15мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді, оны сорғанда ауыз қуысында 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.
Пікірталас
Жалғасын тап (мақал – мәтел)
Мақал – мәтелдердің жалғасын табайық:
1. Денсаулық -(зор байлық)
2. Жарлының байлығы -(денінің саулығы)
3. Жан ауырса тән азады,
(Қайғы басса - жан азады.)
4. Дені саудың (жаны сау.)
5. Дені сау ұрпақ -(ел болашағы)
6. Ауруын жасырған (өледі.)
7. Шынықсаң (шымыр боларсың)
8. Дені сау адам -(дәулетті адам)
9. Ішің ауырса, аузыңды тый,
(Көзің ауырса, қолыңды тый.)
10. Денсаулықтың қадірін (ауырғанда білерсің)
11. Азған денеге (ауру үйір)
Мұғалім:
Менің ойымша денсаулықты сақтау үшін, зианды әдеттерден аулақ болу үшін спортпен айналысу керек. Спорт денсаулық кепілі. Спортпен айналысқан адам денсаулығы мықты болады.
Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастары,
Жан –тәнін түгін кесіпті.
Сақ болайық ағайын,
Қатерлі жау есірткі. –дей отырып, жағымсыз әдеттен жапа шеккен жас баланың өмірінен көрініс.

Каталог: uploads -> doc -> 1039
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1039 -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ батырлары Сабақтың мақсаты
1039 -> Сабақтың тақырыбы: Электр тогы. Ток көздері Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет