Сабақтың тақырыбы: Теміржолшы -тарихи оқиға шежіресі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/3
Дата18.09.2024
өлшемі203,86 Kb.
#204649
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ЖАНАР 18.09. теміржолшы - тарихи шежіре №1


Бөлім:

Еңбек нарығы және сұраныс.
Балғабек Қыдырбекұлы«Теміржолшы».
Публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктері.
Тәуелдік жалғауды (оңаша және ортақ тәуелдеу) дұрыс қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Касымова Нурила Срлиевна

Күні:

16.09.2024

Сыныбы:9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теміржолшы -тарихи оқиға шежіресі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Шығарма үзіндісін түсініп оқиды.Әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.


Көпшілік оқушылар үшін:Кейіпкерлердің өмірін шынайы өмірмен салыстырады
Кейбір оқушылар үшін:әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3.Оқушыларды топтарға біріктіру.



Бір- біріне , мүғалімге сәттілік тілейді.

Мақсаты:_Тиімділігі:_Саралау_«Жіктеу»'>Мақсаты:
Тиімділігі: Саралау «Жіктеу»




Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл»
Суретке қарап қандай ой келеді?
Осы суретке байланысты сөз тіркестерін жазыңдар.

Үй жұмысын тексеру.


Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
Қай шығарманың авторы.

Идеясы

Мәтін
шығарма

Тақырыбы




стилі Кейіпкердің іс-әрекеті

Оқушылар сурет бойынша
Сөйлейдй, өз ойларын айтады.

Мақсаты:
Тиімділігі: Саралау: «Диалог және қолдау көрсету»

Қалыптастырушы бағалау:
Үй жұмысыны -2 балл

2 тапсырма


2 балл

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

Мұғалім оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Бір оқушыға мәтінді оқуға тапсырма береді.

Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінін бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш болса орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ,—деп ойлады ол,— топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп Сергейдің бригадасына кетті.


Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол. Жал бон үйілген топырақтың үстінен тас төселді, бір-екі рет жаңбыр жауған соң, әлгі жал ат тұяғы батпайтын беріш болып қатын қалды.


Тағы бір күні Әліш түйемен ағаш тартатын болды. Ағаш әлі жолға төселінбей үйіліп қойыла берді.


— Сергей,— деді Әліш,— осы топырақты, тасты, ағашты үйіп жатырмыз, ал поезд қашан келеді?


— Асықпа, Әліш,— деді Сергей,— поезд әлі-ақ келеді. Екеуіміз сол поезбен саяхат құрамыз. Әнеугі күні өзіңнің айтқан әңгімең есіңде ме? Алматыға осы жерден екі күн жүрдік деп едің ғой, енді сол Алматыға екі сағатта баратын боламыз.


Әліштің ойына болашақ өмірі келіп, өзін поезд үстінде кетіп бара жатқандай сезінді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет