Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Сабақтың мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі83,59 Kb.
#24990
түріСабақ
Пәні: Физика

Сыныбы: 10 «А

Пән мұғалімі: Әлменова Г.А
Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Изопроцестер туралы түсінік қалыптастыруды әрі қарай жалғастыру, термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану, заттың жылу сыйымдылығының өтіп жатқан процестерге тәуелділігі туралы түсінік беру.

ә) тәрбиелілік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,шыншылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

б) дамытушылық: балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы

Әдіс - тәсілі: « БжС » технологиясы

Картасы: «Алгоритм»

Сабақтың барысы:

1 тип. Жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.



1

Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі.



Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.


2

1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»

ОӘЖӘ сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.


1. Түсіндіру уақыты у1 у1 = 15 минут (тақтаға жазу).


3

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.


ТКШ: Газ 135 кДж жылу мөлшерін алып, 100 кДж жұмыс жасайтын болса, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?
АКШ: Зат мөлшері 800 моль температурасы 500 К газды изобаралы қыздыру үшін, оған 9,4 Мдж жылу берілді. Газдың жұмысын анықтаңдар
ЖКШ: Массасы 10 г белгісіз газды тұрақты қысымда 1 К-ге қыздыру үшін 9,12 Дж жылу керек болды. Ал тұрақты көлемде 6,49 Дж жылу керек. Бұл сонда қандай газ?

Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ . Жұмыстың аяқталуы 5+30.


4

Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ = ; АКШ = ; ЖКШ =


Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


5

2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін

өзектендіру»




Екінші түсіндіру.

Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.


1. Түсіндіру уақыты у2 у2 = 7 минут (тақтаға жазу).


6

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.

2- кесте бойынша тапсырма беріледі:
ТКШ : Изотермиялық процесс кезiнде газға 150 Дж жылу берiлдi. Осы процесте газ қандай жұмыс жасайды?

ТКШ: Изохоралық процессс кезінде бір атомды идеал газдың 2 молін 60 К-ге қыздыруға қажетті жылу мөлшерін анықтаңыз

АКШ: 2 л көлемді алып тұрған бір атомды газдың ішкі энергиясы 300 Дж. Осы газдың қысымы қандай?

АКШ: 27 ºС температурадағы 2 литр бір атомды газдың ішкі энергиясы 300 Дж. Идеал газдың концентрациясын анықтаңдар.

ЖКШ: Идеал газды тұрақты температурада 20 К-ге қыздырғанда, ол 249 Дж жұмыс атқарды. Қыздырылған газдың зат мөлшері қанша?

ЖКШ: Аргон және неон газдары 5 К-ге изобаралық


Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.


7

Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63; ЖКШ =



Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


8

3 цикл. «Жады» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»



Үшінші түсіндіру.

Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.



1. Түсіндіру уақыты у3 у3 = 3 минут (тақтаға жазу).


9

Қабылдауды ұйымдастыру

Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.

2-кесте бойынша тапсырма беріледі:
ТКШ: Газға 2104 Дж жылу мөлшері бергенде, ол 5104 Дж жұмыс атқарған болса, ішкі энергиясының өзгерісі?

ТКШ: Изохоралық салқындату кезiнде газдың iшкi энергиясы 350 Дж-ға азайды. Газ қоршаған денелерге жылудың қандай мөлшерiн бердi?

АКШ: Жабық ыдыс iшiндегi идеалды газдың 2 молiнiң температурасы 20o С 100o С-ға дейiн көтерiлдi. Осы процесте газға жылудың қандай мөлшерi берiлдi?

АКШ: Массасы 4 кг гелийді 100 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін

ЖКШ: Изохоралық процесс кезінде газды 10 К-ге қыздыру үшін 249 Дж жылу берілді. Қыздырылған газдың зат мөлшері қанша?

ЖКШ: Цилиндрдегі поршень астында 1,25 кг ауа тұр. Тұрақты қысымда 4 0С-ге дейін қыздырғанда 5 кДж жылу жұмсалды. Ауаның ішкі энергиясының өзгерісін табыңдар.




Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.


10

Ұғынуды ұйымдастыру

Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу

болады:

ТКШ = ; АКШ = ; ЖКШ =



Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.


11

Түйсіну

1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады.

2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады.

3. Сол тақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді.

4. Егер де, сол күні «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі.

5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .



Үйге тапсырма саны 10 кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.


12

Ескерту

Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалім келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады.



Уақытты үнемдеуге дағдыланыңыз.


2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы










Алынған нәтиже




Жоспарланған тапсырма

1

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ≤ 63%

1-онда

ТКШ

ТКШ

АКШ

2

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ≤ 63%

2-онда

АКШ

АКШ

ЖКШ

3

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ> 63%

ЖКШ> 63%

3-онда

АКШ

ЖКШ

ЖКШ

4

Егер

ТКШ≥ 63%

АКШ≤ 63%

ЖКШ> 63%

4-онда

Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі талапқа сай келмегенде.

Каталог: wkeiaqko -> igguggim -> oeqsaqye
igguggim -> Сабақ жоспар Пәні : география, химия Сыныбы : 8
igguggim -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
igguggim -> «Көптілді оқытуды дамыту»
igguggim -> Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық
igguggim -> «Жезқазған қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
igguggim -> Сабақтың тақырыбы Мектепте инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері Жалпы мақсаты
igguggim -> Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік
igguggim -> Бағдарламасы «Колледжде педагогикалық менеджмент жүйесін қалыптастыру»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет