8 тарау: Менің Тәуелсіз Қазақстаным Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 5 сынып ОЙ ШАҚЫРУ Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіздік символы – ұлттық теңге Оқу мақсаттары: 5.1.1.1 - тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;
5.Т.6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
Сабақ мақсаттары: Тірек сөздер, суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтау;
Тыңдалым материалының мазмұнын түсіну;
Сұрақтарға жауап беру.
Жаңа сөздер: Шыққан жылы- год выспуска
Бейне-образ
Төл теңге – оригинальный тенге
Өңір - область
Мерейтой-юбилей
Арнайы-специальный
Ерекше - особенный
Баланың қолында не бар?
Жазылым 1-тапсырма. Суретке қара. Сұраққа жауап бер.
Баланың қолында не бар?
Ол ақшаны не үшін қолданады?
Тыңдалым Оқылым 3- тапсырма.Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Қою қаріппен берілген сөздердің антонимін тап. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы Жарлыққа» қол қойды.
Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Ұлттық валютаны «теңге», жүзден бір
бөлігін «тиын» деп атайды. Ұлттық теңгені жасауға екі жылдай уақыт кетті. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғалары бейнеленді. Қазақ валютасының жобасын жасаған суретшілер - Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлелов.
Алғашқы ұлттық валютамыз Англияда, алғашқы тиындар Германияда жасалды.
Теңгені елге төрт «Ил-76» ұшақтарымен әкелді. Ұшақтар Альбион еліне 18 рет қатынады. Төл теңгеміздің алғашқы партияларын сақтау үшін арнайы жер асты қоймалардан ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңіріндегі банктерге 8 күн ішінде жеткізілді. Ұлттық валюта елдің өткені, бүгіні және болашағын бейнелейді.
Оқылым 4- тапсырма.Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексер.
Төл теңгеміздің алғаштын партия- ларын сақтау үшін арнайы жер- қоймалары дайындалды.
Осы қоймалар ұлттық теңгеміз еліміздің барлық өңіріндегі банктерге 5 күн ішінде жеткізіледі.
Жазылым Төменде аталған елдердің ұлттық валюта атауларын жаз. Ресей – Қытай – Қызғызстан – Өзбекстан – Үндістан – Германия – Египет – Англия – АҚШ – Түркия –