Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Сабақтың мақсаты
бет 1/4 Дата 24.04.2017 өлшемі 1,31 Mb. #14944 түрі Сабақ
«Қарақия кәсіптік колледжі»
Ашы қ сабақ
Та қырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Орында ған:
II-санаттағы Физика пәнінің мұғалімі Джалгасбаева Айгул Урусбаевна
Саба қтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алдыңғы сабақ бойынша және жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін байқау.Ом заңына талдау жасау, топтарды жарыстыра отырып, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.
Тәрбиелігі: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға , ұқыптылыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа үйрету
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге , ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы
Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау,
жүйелеу, сұрақ-жауап,
есептер шығару,
кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , таратпа
кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.
Жоспар: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.
І-саты: Білемін. 1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Тарауды қайталау
(топпен жарыс)
ІІ-саты: Білгім келеді : 4.Схемалар,сызбалар, арқылы Ом заңына талдау жасау.
5. Бекіту(есеп шығару)
ІІІ-саты: Білдік: 6.Жаңа сабақты қорытындылау (БлокСхема,топт.страт.әдісі<<Білдік>> таблицаны пайдалану)
7.Үйге тапсырма
8.Бағалау
І-саты:”Білемін.”
1.Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіремін.
2.Тарауды қайталау болғандықтан, жарыс түрінде өткіземін.
3.Сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшыларын сайлаймын.
І топ<<АМПЕР>>,
ІІ топ << ВОЛЬТ >>
«Білім айнасы». Әр сұраққа 5 ұпай.
Ампер тобына:
1.Электр тогы дегеніміз не?
2.Электр тогының пайда болуының неше шарты бар?
3.Ток күші дегеніміз не?
4.Ток күшінің өлшем бірлігі.
5.Ток күшін өлшейтін құрал.
Вольт тобына:
1.Электркернеуі дегеніміз не?
2.Қандай тоқ көздерін білесің?
3.Кернеудің өлшем бірлігі Қалай аталады?
4.Электр тогының неше әсері бар?
5.Кернеуді өлшейтін құрал.
Ойлан тап: Сөзжұмбақ. АМПЕР тобына .
1. Найзағай тартқышты ойлап тапқан американ ғалымы?
2. Ток күшінің өлшем бірлігі?
3. Ток күшін өлшейтін құрал?
4. U қандай шама?
5. Кулон қандай шаманың өлшем бірлігі?
Сөзжұмбақ: ВОЛЬТ тобына.
1. Электромагниттік өріс теориясын ашқан ағылшын физигі?
2. Кернеудің ХБЖ –ғы өлшем бірлігі?
3. Электр зарядының бірлігі кімнің құрметіне берілген?
4. Кернеуді өлшейтін аспап?
5.<<Электр>>атауы гректің қай сөзінен шыққан ?
Достарыңызбен бөлісу: