Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Сабақтың мақсаты



бет1/4
Дата24.04.2017
өлшемі1,31 Mb.
#14944
түріСабақ
  1   2   3   4


«Қарақия кәсіптік колледжі»

Ашық сабақ

Тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Орындаған:

II-санаттағы Физика пәнінің мұғалімі Джалгасбаева Айгул Урусбаевна


Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушылардың алдыңғы сабақ бойынша және жаңа сабақ бойынша алған білімдерін қаншалықты деңгейде меңгергендігін байқау.Ом заңына талдау жасау, топтарды жарыстыра отырып, оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ынтымақтастыққа үйрету

Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жарыс сабағы

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау,

жүйелеу, сұрақ-жауап,

есептер шығару,

кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа

кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.
Жоспар: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

І-саты: Білемін. 1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Тарауды қайталау

(топпен жарыс)

ІІ-саты: Білгім келеді: 4.Схемалар,сызбалар, арқылы Ом заңына талдау жасау.

5. Бекіту(есеп шығару)

ІІІ-саты: Білдік: 6.Жаңа сабақты қорытындылау (БлокСхема,топт.страт.әдісі<<Білдік>> таблицаны пайдалану)

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау

І-саты:”Білемін.”

1.Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіремін.

2.Тарауды қайталау болғандықтан, жарыс түрінде өткіземін.

3.Сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшыларын сайлаймын.

І топ<<АМПЕР>>,

ІІ топ<<ВОЛЬТ>>

«Білім айнасы». Әр сұраққа 5 ұпай.

Ампер тобына:

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Электр тогының пайда болуының неше шарты бар?

3.Ток күші дегеніміз не?

4.Ток күшінің өлшем бірлігі.

5.Ток күшін өлшейтін құрал.

Вольт тобына:

1.Электркернеуі дегеніміз не?

2.Қандай тоқ көздерін білесің?

3.Кернеудің өлшем бірлігі Қалай аталады?

4.Электр тогының неше әсері бар?

5.Кернеуді өлшейтін құрал.

Ойлан тап: Сөзжұмбақ. АМПЕР тобына.

  • 1. Найзағай тартқышты ойлап тапқан американ ғалымы?

  • 2. Ток күшінің өлшем бірлігі?

  • 3. Ток күшін өлшейтін құрал?

  • 4. U қандай шама?

  • 5. Кулон қандай шаманың өлшем бірлігі?

Сөзжұмбақ: ВОЛЬТ тобына.

  • 1. Электромагниттік өріс теориясын ашқан ағылшын физигі?

  • 2. Кернеудің ХБЖ –ғы өлшем бірлігі?

  • 3. Электр зарядының бірлігі кімнің құрметіне берілген?

  • 4. Кернеуді өлшейтін аспап?

  • 5.<<Электр>>атауы гректің қай сөзінен шыққан ?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет