Бекітемін:
Мерзімі: 3.02.2016 жыл
Пән: Дүниетану 3-ші сабақ
Сынып:3 «Б» сынып жетекшісі: Бақтығали Бақытгүл
Сабақтың тақырыбы: Топырақ ерекшелігі және оның түрлері
Мақсаты: Топырақтың құрамын оның өсімдік тіршілігіндегі рөлін түсіндіру.Топырақ түсінің және сапасының қарашірікке байланысты екендігін әңгімелеу.
Күтілетін нәтиже : Топырақты құнарландыратын құралдың атын атап, әңгімелейді.Жәндіктер мен ұсақ жануарлардың топырақ құнарлылығын арттыруға тигізетін пайдасын түсінеді. Топпен бірігіп құнарлы топырақтың суретін салып талқылайды. Әр түрлі топырақтың түрлерін салыстыра біледі.
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер: тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, ОүБ құралдары.
Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл, Жигсо -2 әдісі, Сен маған – Мен саған ойыны.
Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Тренинг
|
1 мин
|
«Жылылық шеңбері»
|
- Қазіргі сабағымыз көтеріңкі көңіл – күйде өту үшін мен сендерді «Жылылық шеңберіне» шақырамын.
Ал, мына «Жылылық шеңбері» сабақ бойы біздің көңіл – күйімізді көтереді деп сенемін.
|
1 Жарқырап «Күн» ашылды.
Айнала «Қар» шашылды.
Қайырлы күн, Біз нәзік қыздармыз!
Қайырлы күн, Біз ер жүрек ұлдармыз!
2. Кезекшінің жауабы.
|
Топқа бөлу
|
2 мин
|
Саусақ пен санау
|
1,2,3,4 «Саусақпен санау» арқылы 4 топқа бөлу. Өзара топ Басшысын, Таймкипер, Хатшы, Бақылау-шы, Баяндаушы етіп, әр топтың құрамын тағайындау. ОүБ құралы «Бағдаршам», бағалау парақшасымен таныстырып, толық мағлұмат беріледі.
|
Оқушылар 1,2,3,4 саусақ пен санау арқылы 4 топқа бөлініп, топтарға жайғасады. Топ басшысы, топ мүшелері сайланады.
|
Білім
|
5 мин
|
Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» әдісі бойынша сауалнама сұрақтарын бір-бірін тексеру арқылы орындайды. Оған өздері сараптама береді.
|
Үйге тапсырмасын
«Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы».
«Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау» сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру.
Конверт – сұрақ
|
Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты қалай түснгенін көрсетеді.
|
Түсіну
|
10 мин
|
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
|
Жаңа сабақ
Слайдпен түсіндіру.
- Топырақ құрамын байқау үшін, бір уыс топырақ алып тәжірибе жасайық.
Түсінейік, байқайық, дәлелдейік.
Сарамандық жұмыс
"Топырақтың құрамында не болады?"
Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара
- Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.
1 - тәжірибе.
Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не? Ауа
2 — тәжірибе.
Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су
3 — тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол — қарашірік
4 — тәжірибе
Шірінді жанып біткен толпырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында қүм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.
Тәжірибені қортындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді. Дәптермен жұмыс
Ендеше бүгінгі күннің жадысын жазайық.Топырақ. Топырақтың ерекшелігі және түрлері
Топырақтың түрлерімен таныстыру
|
Қолдану
|
10 мин
|
Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді бөліктерге бөліп оқу
«Жигсо 2» әдісі бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды, жаңа тақырыпқа қадам жасау арқылы талқылап өз ойларын жеткізеді
Түртіп алу жүйесі
|
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу «ЖИГСО -2» әдісі
Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек
Түртіп алу жүйесі
«Қарашірік» – өсімдіктер мен
жәндіктердің шіріген қалдығын айтамыз.
Қарашірік – тыңайтқыш.
Топтық тапсырма
1- топ: Топырақтың қиындысынан оның әр қабатындағы өзгеріс туралы түсіндіріңдер.
2-топ: Топырақтың құнарлылығына жануарлардың, жәндіктер, құрттардың тигізетін пайдасы туралы түсіндіріңдер.
3-топ: Топырақ түрлері олардың құнарлылығы туралы түсіндіріңдер.
4-топ: Қар тоқтату себебін және нөсерлетіп жауған жаңбырдан кейінгі жағдай туралы түсіндіріңдер.
|
Топырақ жайында әңгімелеу.
ә) Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын топырақ деп атаймыз. Жер бедері бірнеше қабаттан тұрады.
Суреттегі топырақтың қиындысынан біз оның әр қабатындағы өзгерістерді байқауымызға болады.
1) Беткі қабатының түсі қоңыр, оған қураған жапырақ, ағаштың ұсақ қалдықтары араласқан.
2) Беткі шымды қабатын мұқият қара. Оны өсімдік тамырлары айқыш – ұйқыш шырмап жатқанын көресің
3) Шұбалшаң мен әр түрлі бунақденелілер мен дернәсілдері түседі
4) Тереңдеген сайын өсімдіктер тамырлары азая бараді. Одан төменде тау жыныстары кездеседі.
– Құнарлы топырақта қарашірік қалай пайда болады?
– Қарашірік қалай пайда болатынын мына сурет арқылы көз жеткізейік
-Өсімдік тамыры арқылы қоректік заттарды бойына сіңіреді. Күн көзінің жылуы мен ауадағы көмірқышқылы газын сіңіріп өсіп жетіледі.Өсімдіктер мен жануарлар қоректенеді. Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттармен құстар, түрлі жәндіктер қоректенеді және олар шіріндіге айналады. Топырақтағы көзге көрінбейтін майда жәндіктер, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын күрделі өзгеріске түсіреді.
Сонымен топырақтың беткі қабаты өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
құнарлы қарашірік топыраққа айналады.
|
Сергіту сәті
|
2 мин
|
«Қамажай биі» атты жаттығу жасау
|
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
|
Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.
|
Талдау
|
5 мин
|
Ситуациялық сұрақ
Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгергенін көрсете алады.
1-топ: - Егер адамдар топыраққа қамқорлық жасамаса не болар еді?
2-топ:- Топырақты қорғау үшін не істеуіміз керек?
3-топ:-Құнарлы топырақпен құнарсыз топырақтағы өсімдіктердің өніп-өсуін талқылаңдар?
4-топ: Топырақ неден бұзылады?
|
Берілген сұрақтарға нақты жауап береді.
|
Жинақтау
|
5мин
|
«Сен маған- мен саған» ойыны бойынша сұрақ- жауапты ұймдастыру , тақырыпты жинақтау.
Үйге тапсырма беру: 1) 77-83 бет түсініп оқу.
2) Топырақта тіршілік ететін жәндіктер туралы мәлімет жинау
|
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады, топ сұрақтар дайындайды
|
Оқушылардың мақсаты берілген сұрақты өздері дайындап бір- біріне қояды, сол арқылы тақырыпты түсінгендерін көрсетеді.
|
Бағалау
|
2 мин
|
Топты бағалау
Критерилері:
Үй тапсырмасы бойынша;
Мәтінді талдау;
Ситуациялық сұрақтар
Сен маған- мен саған ойыны
|
Оқушыларды мадақтау арқылы және ынталандыра отырып бағалаймын. Олардың топқа берген бағаларын тыңдаймын. Жалпы топтың бағасын шығарамын.
|
Өзін-өзі бағалау ;Жұптық бағалау; Топтық бағалау;
ОүБ құралы «Бағдаршам»,
Бағдаршам түстері бойынша бағалау
қызыл –– қанағат
жасыл – өте жақсы
сары – жақсы,
|
Рефлексия
|
3 мин
|
Өзіндік
қабылдау
|
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына менің кемшіліктерім, оң жағына менің жетістіктерім деп ойларын ашық жаздыру. 2 минуттан соң өз жазғандарын топтап талдап, талқыға саламыз.
Мына ережені есте ұстаған жөн: бір- біріне сұрақ қоюға болады, бірақ, сын айтуға болмайды.
Нәтижесінде: оқушының шыншылдығын, жауаптылығын, өзіне қорытынды жасауын, өзін түсініп, өзгеге сенуін көрсетеді.
Ендеше: Күніміз ашық,
Түніміз тыныш.
Ауамыз таза,
Топырагымыз құнарлы болсын.
Өзіміз аман болайық.
Назарларыңызға рахмет!!! Сабағымыз аяқталды.
|
Меің кемшіліктерім
|
Менің жетістіктерім
|
Достарыңызбен бөлісу: |