Өндіріс орта мектебі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
Өткізген: Сатемиров С.К
27.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы.
Сабақтың мақсаты:Тотығу дәрежесі. Тотығу – тотықсыздану реакцияларын жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың барысы: Зат құрылысы жайлы сұрақтар қойылады.
1. Кристалдық торлар түрін атап беріңдер.
2. Қандай кристалдық торлар ең мықты? Неге?
3. Тор түйіндері деген не? Иондық кристалл торлы заттардың қасиеті қандай болады?
Жаңа сабақ: Әуелі бинарлы қосылыстардағы AI2+3O3-2 тотығу дәрежесін анықтауды одан соң күрделі заттағы H2+1C+4O3-2 элементтің тотығу дәрежелерін анықтауға жаттығу жасайды. Оқушыларға мына заттардың формулаларындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтайды:H2SO4, MnCI2, MgSO4,SiO2, CuO,HMnO4,K2Cr2O7.
Жаттығулар орындау. 1. Мына қосылыстардағы хлордың:HCI,CI2,HCIO, HCIO2, HCIO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
2. Мына қосылыстардағы фосфордың:PH3,HPO3,H3PO4,H3PO3 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
3. Мына қосылыстардағы күкірттің: H2S,ZnS,SO2, H2SO3, H2SO4 тотығу дәрежелерін анықтаңдар.
Екінші сабақ алдына мынадай сұрақтар қойылады:
1. Қандай жағдайда химиялық элементтер оң, теріс, нөл тотығу дәрежесін көрсетеді?
2. H2,HCI,H2O,F2,PCI5 қосылысындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар.
3. Иондық,атомдық және молекулалық кристалл торлы заттардың физикалық қасиеттері қандай? Оксидтер тақырыбындағы тотығу деген сөздің мағнасын еске түсіру. Реакциялардың бәрі ТТР-на жатпайды, тек теңдеуде тотығу дәрежелері өзгеретін элемент атомдары болса, ондай теңдеулер ТТР – на жатады. Енді оны заттың құрылысы тұрғысынан қарастыру қажет. Магнийдің күкіртпен әрекеттесуін қарастырамыз: Mg0 + S0 = Mg+2S-2
ЭБТ құру арқылы теңдеуді теңестіру: Mg0 – 2е = Mg+2 тотығады
S0 + 2е = S-2 тотықсызданады
Mg-тотықсыздандырғыш, S –тотықтырғыш, Магний сульфидіндегі +2,-2 тотығу дәрежесінің мәні айтылады.
Солдан оңға қарай ТД өсетін болса,элемент атомдары тотықсыздандырғыш (ТСШ) қасиет көрсетеді: -4, -3, -2, -1 ,0, +1, +2, +3, +4, +5,+6
Оңнан солға қарай ТД кемитін болса, элемент атомдары тотықтырғыш (ТТШ) қасиет көрсетеді:
Оқушыларға тотықтырғыш,тотықсыздандырғыш ұғымдарының анықтама сын,тотығу-тотықсыздану реакциясының мәнін түсіндіру. Тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін құру алгоритмі берілген кесте ілініп, оқушылар жаттығу жұмысын орындайды. Алгоритмі:
Химиялық теңдеуді құру.
Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін анықтап, оны жазу.
Тотығу дәрежесі өзгерген элементті табу.
Электрондық баланс теңдеуін құру.
Химиялық теңдеуге коэффициенттерін қою.
Теңдеудің оң және сол бөлігіндегі оттегінің саны бойынша коэффициенттің дұрыс қойылғандығын тексеру.
Тотықтырғышты, тотықсыздандырғышты, тотығу – тотықсыздандыру процесін анықтау.
Сабақты пысықтау мақсатында жаттығулар орындау.
1. Тотығу – тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру:
AI + S = H2S + O2 = PbO + H2 = AI + Br2 =
2. ТТР теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңдар.
H2S + CI2 = HCI + S ; HNO3 + Cu = Cu(NO3)2 + NO2 + H2O;
Үйге тапсырма беру: §64. 5-6-7 жаттығуларын орындау.
Рефлекия
Достарыңызбен бөлісу: |