Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы Білім беру ұйымының атауы



бет3/55
Дата13.03.2023
өлшемі7,48 Mb.
#172087
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
8сынып 3 тоқсан 382 бұйрық (2)

Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, электр лампасы, шашкептіргіштерде) кеңінен қолданылады. (оқушыларға көрсету)
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ерітінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стақанды көрсету, бейнеролик тамашалау)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. (бейнеролик тамашалау)
Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.
1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды. (Вольта бағанасын айтып кету)
Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.
Ток көзінің шартты белгісі
Гальвани элементі мен аккумулятордың оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі – қысқа сызықпен кескінделеді.
Генераторлардың полюстеріне «+», «-» таңбалары қойылады.


Рефлекция. Маған не қиын болды, не қиын болмады. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін стикерге жазып, кестеге іледі.

Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау


Зерттеу жұмысы. Электр тогы эссе жазу. Электр тогының пайдасы мен зияны



Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушы
лығы
оянады, білімін көрсетеді.

Оқушылар байқалған құбылысқа байланысты ой-пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбын ашады.


Оқушылар жұмысты құрылымдауға үйренеді.


Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет