- Электр тогын біледі
- Электр тогының әсерін түсінеді
- Электр тогын өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда қолдана алады
Дескриптор: -Электр зарядын, өлшем бірлігін түрлерін біледі.
-Қулон заңын тұжырымдайды.
-Электр өрісінің кернеулігін,кернеуін, потенциалын,сыйымдылығын ажыратады және сипаттайды.
Дескриптор: -Электр тогы ұғымын және пайда болу шарттарын біледі.
-Электр тогының әсерін түсінеді.
-Ток көздерінің түрлерін біледі, ажыратады.
Жалпы балл-3
Дескриптор: -Есеп шартын жазады.
-ХБЖ-не айналдырады.
-Формуланы көрсетеді, мәнін дұрыс есептейді
Жалпы балл-4
Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.
Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар істей алады: Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі
Көптеген оқуышылар істей алады: Схемада шартты белгілерін қолдануда түсіну, қарапайым электр тізбегін құрастырады.
Кейбір оқушылар істей алады: Кернеудің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктерін түсіндіре отырып, формуласын есептер шығаруда қолданады.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Жүректен- жүрекке»әдісі арқылы оқушылар бір-біріне деген тілегін бір ауыз сөзбен жеткізу.
«Миға шабуыл » әдісі
Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар интербелсенді тақтадан кезектесе отырып жауап береді.
1. Денелердің электрленуі дегеніміз не?
2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет?
3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай?
4. Бөгде күштер деп нені айтады?
5. Электр тізбегін қосу үшін ток көзінің рөлі қандай?
6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай?
7. ЭҚК нің физикалық мағынасы қандай?
8. Электр энергиясын қалай түрлендіреміз?
9. Өзіміз тұрмыста қолданатын қандай электр құрылғысын білеміз?
«Ой қозғау» әдісі. (I) жеке жұмыс Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтын тақырыбын ашамын.
1. Электр қыздырғыш құралдардың жұмыс істеу принципін ата? 2. 24В адам өміріне қауіптіме? 3. Тұрмыстағы ток күшің қызметін ата?
«Джигсо» әдісі(I) жеке жұмыс.
Тапсырма №1 Оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндермен танысып, түсіндіру жасайды.
Кернеудің өлшем бірлігімен, формулаларын жіктеп түсіндіру
Ток күшінің өлшем бірлік, формулаларын жазып түсіндіру
Электр тізбегі және оның шартты белгілерін, қосу ережелерін түсіндіру
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау Бұл бағалау арқылы сабаққа деген ынтасын арттыра отыра,көмек қажет ететін оқушыларға түрткі сұрақтар, нұсқаулықтар беру арқылы қолдау көрсетемін.