Ортасы
|
Тапсырма Климаты тым континенттік және өте құрғақ. Негізгі климат түзуші факторлардың бірі — күн сәулесінің ұзақтығы, ол жылына 2300-2500 сағат; ең жоғары орта айлық мәні шілдеге келеді. Жылдық жиынтық радиация мөлшері 110-120 ккал/см2, шашыранды радиация 45-50 ккал/см2. Облыс аймағы негізгі үш түрлі ауа массалары ықпалында болады: арктикалық, полярлық (қоңыржай белдеу ауасы), тропиктік. Жылдың суық мезгіліндегі ауа райының қалыптасуына азия антициклонының батыс тармағы үлкен әсерін тигізеді. Қыста ашық ауа райы басым. Ең суық ай - қантардың орташа температурасы Солтүстікте — 18°С, Оңтүстікте — 14°С байқалады. Абсолюттік минимум — 52°-44°С аралығында ауытқиды. Көктемдеде антициклондық ауа райы режимі сақталып, құрғақ әрі желді ауа райы қалыптасады: күндіз өте жылы, түнде үсік байқалады. Жалпы көктемгі ауа райы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Жазда Орталық Қазақстанның дала аймағы тұсындағы ауа массалары қатты қызып, бұлтсыз, ашық әрі ыстық ауа райы орнайды. Ең жылы ай — шілденің орташа температурасы Солтүстікте + 18°С, Оңтүстік аймағында +22°С болады. Ең жоғары температура +40-43°С мөлшерінде. Жоғары температура (30°С және одан жоғары) шілдеде орта шамамен 7-8 күннен, 10-15 күнге дейін созылады. Ауа температурасының орташа жылдық мөлшері 1,2-3,5°С аралығында. Жылы мерзім ұзақтығы облыстың қыратты бөліктерінде (Қарқаралы, Ақтоғай таулы аймақтары) 198 күннен — 207-220 күнге (Ұлытау, Жаңаарқа, Шет аудандары) дейін ауытқиды. Аязсыз мерзім ұзақтығы тиісінше 90-100 және 110-135 күнге жақын. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының ең жоғары мәндері қыста байқалады. Облыс аймағында қарашадан наурызға дейін оның орта айлық мөлшері 78-82%. Жылы мерзімде салыстырмалы ылғалдылық Солтүстік бағыттан Оңтүстікке қарай кемиді. Маусым-шілде айларында ең төмен орташа айлық мөлшері 53-58% байқалады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері көпшілік жерде 200-300 мм, Шығыс бөлігінде 330 мм түседі. Ең жоғары айлық орташа мәні шілдеде 40-47 мм, ең төмені қаңтарда 8-18 мм. Көктемде жылдық жауын-шашынның 25% жауады. Жазда жауатын мөлшері (маусым-тамыз) 120 мм, яғни жылдық норманың 40%-ын құрайды, әрі нөсерлі болады.
|
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
|