Сынып
|
10
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Уақыт өлшемдері
|
Білімділік мақсаты:
Дамытушылық мақсаты:
Тәрбиелік мақсаты:
|
Қазақша уақыт өлшемдері туралы түсінік беру, қазақ тіліндегі сөйлеу үлгілері негізінде оқушыларды уақытты жоспарлауға дағдыландыру. Диалог-кеңесті меңгерту.
Қазақ тіліндегі мәтіндер негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту.
Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа материалды игеру сабағы
|
Жетістік критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады: уақытты жоспарлаудың адам өміріндегі маңызы мен рөлін түсіндіре алады, өзінің күнделікті күн тәртібін қазақша түсіндіріп бере алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өзінің күн тәртібі жайлы ақпарат береді, уақыт өлшемдерін сипаттайды, уақытты қалай жоспарлайтынын айтады.
Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып аясында сыныптастарымен уақытты жоспарлау жайлы сұхбаттасады.
|
Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Өлшем, көзқарас, шаруашылық, бозғылт тарту, таңның ағаруы, қас қараю, ағымдағы жұмыстар, айырмашылық, күнделікті жұмыстар, қас қағым сәт, шай қайнатым, бие сауым уақыт.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, видиоролик, плакат, маркелер, суреттер, үлестірмелі материалдар, парақ
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, салыстыру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан», «Сана жол аллеясы», «Баспалдақ» тәсілі, сергіту жаттығуы, жағдаяттық тапсырма.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, сөздік, дидактикалық материалдар.
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу:
|
Ұйымдастырушылық кезең:
«Ыстық алақан» тренингі
|
Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, бір-біріне жақсы тілектер айтады.
|
Өткен сабақты тексеру:
|
Алдыңғы сабақта өткен тақырыпты «Ыстық орындық» тренинг арқылы қайталап, еске түсіру.
|
Бір оқуішы сыныптағы оқушылардың бәрі қойған сұрақтарға жауап береді
|
І.Қызығушылықты ояту:
|
- Балалар, сендер өз уақыттарыңды қалай жоспарлайсыңдар? Бос уақыттарыңды тиімді өткізесіңдер ме? Қазақша уақыт өлшемдерін білесіңдер ме? "Уақыт" тіркесіне ассоциалық карта құру.
|
Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, "Уақыт" ассоциялық картаны құрады.
|
ІІ. Мағыныны тану
|
Видеоролик көріп, талдау жасап, өздерінің жауаптарымкен салыстыру.
|
Тыңдалым.Өз ойларымен бөліседі, салыстырады.
|
|
Сөздікпен жұмыс.
Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады.
|
Тыңдалым.Оқылым. Оқушыларға жаңа сөздермен танысып оқиды, қайталайды. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.
|
|
Грамматика. Диалог-кеңес туралы мәлімет беру.
|
Оқылым.Тілдесім.Мәтіннен ережені оқып, жағдаяттық диалог-кеңес құрайды.
|
|
Мәтінмен жұмыс.
Тыңдалым.Оқылым.
Жаңа ақпаратты қабылдауын анықтау мақсатында сәйкестендіру кестесін орындатады.
|
Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды, сәйкестендіру кестесін толтырады.
|
|
Тілдесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
|
Тілдесім. Жазылым. Диалог – кеңеске тән белгілерді сақтап, бірнеше сұрақтар құрайды.
|
|
Сергіту сәті «Мадақсөз»
|
Айтылым. Тілдесім. Оқушылар бір-біріне мадақсөз айтады.
|
|
Мәтін соңы жұмыс. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы
7-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым.Айтылым. Диалог кеңес дайындайды, жоспар құрайды.
|
ІІІ. Ойтолғаныс
|
Мұғалім ойтолғаныс кезеңінде оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Сана жол аллеясы» тәсілін қолданып, уақытты жоспарлаудың пайдасы мен зиянын айтып талдатады.
|
Әр оқушы уақытты жоспарлаудың пайдасы мен зиянын, келісетінін не келіспейтінін айтып, өз пікірімен бөліседі.
|
IV. Бекіту
|
Интерактивтік тақтадағы суреттермен қазақша уақыт өлшемдерін айтады.
|
Сурет бойынша қазақша уақыт өлшемдерін айтады.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
|
«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.
|
ҮІ. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы
3-тапсырманы орындау. 96-беттегі мәтіннің мазмұнын айту.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.
|
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желім қағаздарды жапсырады.
|