Пәнге байланысты сөздер және терминдер: ұлттық құндылықтар, автор ұстанымы, т.б.
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...
Менің ойымша,...
Мен ойлаймын...
Қызығушылықты ояту. Оқушылар «Шаттық щеңберіне» жиналады. Оқушылар қалауы бойынша сұрақты талқылап сөйлейді. Сабақ мазмұнына болжам жасайды. Қойылатын сұрақ: Шығармадағы будан аралар арқылы автор қандай ойды жеткізгісі келген?
Топқа бөлу кейіпкерлер есімдері арқылы жүзеге асады, ол үшін үзіндінің қай кейіпкерге қатысты екенін ажырата алуы керек. Топ атаулары: Таған, Ерік, Айна, Нүрке, Бекзат, Шал 1-топ. Таған Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз. Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын. Соншалықты неге жек көресіңдер. Мен — талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?
2-топ Сені аттың артына мінгестіре алмаймын. Жол ұзақ, тау биік, жас мал еңгезердей екі жігітті көтере алмай қызыл май болып, өкпесі күйіп кетеді. Біздер қайбір қаңбақтай жеңіл едік. Екеуіміз де бұрынғы палуанбыз. Қазақша күрестен...— деп мысқылдады.