Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Бағалау критерийі
|
Мәтіндегі кейіпкерлердің іс-әрекеті туралы көзқарасын білдіреді.
Мәтінді рөлге бөліп, қатесіз оқиды.
|
Ресурстар
|
Интерактивті тақта, күннің суреті, нақыл сөздер
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар үш тілде сәлемдеседі.
Психологиялық ахуал:
«Ақ тілек, әсем күлкі»
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Керемет (қолдарын көтереді)
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша (алақандарын шапалақтайды)
-Ынталарыңыз қалай?
-Ғажап (қолдарын көтереді)
-Ендеше, сабағымызды бастайық!
-О,о,о (бас бармақтарын көрсетеді)
Балалармен қосылып ән шырқау.
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
Топқа бөлу:
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Ана- кім?
І-топ: «Шуақ»
ІІ-топ: «Жылу»
ІІІ-топ: «Мейірім»
Топ ережесімен таныстыру, топ басшысын сайлау.
1.Мұғалімге бағыну
2.Уақытқа бағыну
3.Бір-бірімізді тыңдау
4.Сыйластықта болу
5.Мадақтау
6. Оқу-құралдарын дайындау.
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Ойымызды айтайық,
Білімімізді бастайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
Алдыңғы білімді еске түсіру.
Оқушылар «Кім ойлап тапқан?» өлеңін жатқа айтады.
ҚБ: жұлдызшалар арқылы
|
Тренинг
.
|
Жаңа білім
|
Ой қозғау әдісі. Жұмбақ шешеді.
І-топқа:-Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
ІІ-топқа:-Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған? (Ана)
ІІІ-топқа: -Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам? (Ана)
Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.
«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.
«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.
«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.
4. Ана туралы видео тамашалайық.
5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.
В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.
Оқулықпен жұмыс.
«Болжау» стратегиясы.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
ә) Тыңдалым. Аудиодан мәтінді толық тыңдайды.
б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.
в) Сұрақ-жауап.
- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?
- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?
ҚБ: медольондар арқылы
|
Оқулық,
мәтіндер.
Видеоролик
|
Ортасы
|
Қолдану
Дәптермен жұмыс.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
Мәтіндерді түсініп оқы. Олар қандай жанрда жазылған? Сәйкестендір.
Бала, бала, бала - деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянаған.
Бұл кім?
Менің әжем – ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем.
Ата – бәйтерек, Бала – жапырақ, Ана – жағасындағы құрақ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |