ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Сөздікпен жұмыс. 1).Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.
2). Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.
а) мәнерлеп оқу;
ә) оқушылар дауыстап қайталайды;
б) сөз тіркесі мен сөйлемдер құрау
2. Тапсырмалармен жұмыс. 1-тапсырма. Суретке, слайдқа қара. Біліп ал (қысқаша мәлімет беру).
Астананың символы – Бәйтерек. Биіктігі – 97 метр. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған. 2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде «Астана-Бәйтерек» монументі салынды.