(М)Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Тақырыпқа қатысты «Бейнеролик» көрсетіледі.
Зерттеу сұрағы: «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?
(Т) 1-топ. Мәтінмен жұмыс. «Зар заман» әдеби өкілдері және олардың шығармалары туралы мәтін таратылады. Мәтінде «Зар заман» әдеби өкілдерінің шығармаларынан үзінді және ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында орын алған патша үкіметінің отаршылдық саясатына байланысты мәселелер туралы ықшамдалған мәтінді ұсынылуы қажет.
Мәтінді талдау сұрақтары:
-ХІХ ғ қазақ қоғамында қандай тарихи оқиғалар орын алды? -«Зар» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? - «Зар заман» әдебиет өкілдері кімдер? -«Зар-заман» жырларына қандай оқиғалар арқау болды? -Қоғамдағы қандай өзгерістерді сынға алды? -«Зар-заман» өкілдері өз көзқарастарын халыққа қалай жеткізген? -«Зар-заман» ақындарының шығармаларының ортақ идеясы қандай? -Ақындардың өлең жолдарынан алған деректерді пайдалана отырып, «зар-заман» әдеби ағымына баға беріңіз.
Дескрипторы: - ХІХ ғ қазақ қоғамында орын алған оқиғалардың кемінде 3-уін анықтайды;
-«Зар» сөзінің мағынасын сипаттайды;
-«Зар заман» әдебиет өкілдерінің кемінде 2-уін атайды;
-«Зар-заман» жырларына арқау болған оқиғалардың кемінде 2-уін анықтайды;
- «Зар заман» өкілдерінің сынға алған қоғамдағы өзгерістердің кемінде 2-уін түсіндіреді;
-«Зар-заман» өкілдері көзқарастарының халыққа жету жолын атайды;
-«Зар-заман» ақындары шығармаларының ортақ идеясы талдайды;
-Ақындардың өлең жолдарынан алған ақпарат негізінде «зар-заман» әдеби ағымына баға береді