Катаралдық қабыну Катаралдық қабыну шырышты қабықтардың бетінде дамиды,оның үш түрін ажыратады.Сарысулы,шырышты және іріңді катар.Экссудат шырышты қабаттардың үстінде жиналып қалады.Қабыну сарысулы экссудаттының бөлінуінен бастап,бірте-бірте іріңді қабыну түрінде өтуі мүмкін.Экссудат құрамында көшіп түскен эпителий көп.Ұзаққа созылған катар салдарынан шырышты қабықа гипертрофиялық (гипертрофиялық ринит,гастрит) немесе атрофиялық (атрофиялық ринит,гастрит) өзгерістер дамиды.
Көбінесе қабыну аралас қабыну түрінде өтеді.Бұл қабыну механиімдердің жалпылығының белгісі.Мысалы сарысулы-іріңді,фибринозды-іріңді,сарысулы-геморрагиялық қабынулар әуелі сарысулы экссудаттар шығуынан басталып кейін оған көрсетілген екінші компонент қосылады,яғни қабыну үрдісі одан ары төмендей түседі.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:30 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) «Крупозды пневмония» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Б) «жүрек фибринозды перикардиті» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Крупозды пневмония» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Перикардтың фибринозды қабынуы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 10 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Сұрақтар. 1. Қабыну дегеніміз не?
2. Қабынудың қандай фазалары бар?
3.Қабынудың этиологиясы.
4. Қабыну қалай жіктеледі?
5. Экссудативті қабыну дегеніміз не? Анықтамасын баріңіз.
6. Экссудативті қабынудың қандай түрлері бар?
7. Продуктивтік қабынудың анықтамасы.
8. Продуктивтік қабынудың морфологиялық сипаттамасы.
9. Ппродуктивтік қабынудың түрлері;
10.Ппродуктивтік қабынудың асқынуы мен өлім себебі;