Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, анықтамасы. Атрофия жіктелуі. Сағат саны: 45 мин



бет2/58
Дата29.06.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203502
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
МІК әдістемелік өңдеу

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: аудитория №415.
7. Әдебиеттер: № 1қосымшада
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (31%)
Атрофия — тіршілікте мүшенің, тіннің, жасушаның көлемі кішірейіп, қызметі нашарлайтын үдеріс.
Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.
Физиологиялық атрофия өмір бойы, туғаннан әбден қартайғанға дейін байқалады. Мысалы, туғаннан кейін кіндіктік артерия мен артериялық (Боталл) өзек семіп, бітелсе, егде тартқандардың жыныстық бездері, қарттардың сүйектері мен омыртқааралық шеміршектері, т.б. семеді.
Патологиялъщ атрофия түрлі себептерден дамиды. Олардың ішінде жеткіліксіз тамақтану, қан- және лимфаайналымының, ішкі секреция бездері мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылуының, уланудың маңызы зор.
Жалпы атрофияның, яғни жүдеуліктіц мынадай: алиментарлық (аштықтан немесе ас сіңбегенде дамитын); рак жүдеулігі, яғни рактық ка­хексия (грекше: kakos — жаман; hexis — жағдай); гипофиздік кахексия (Симондс ауруы), милық кахексия (гипоталамус зақымдалса) және басқа да қатты жүдететін аурулардан (туберкулез, бруцеллез, созылмалы дизентерия) дамитын түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет