3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Сұрақтар 1. Атрофияның маңызы.
2. Атрофияның анықтамасы.
3. Атрофияның себептері, даму механизмдері..
4. Диспротейноздар морфологиялық сипаттамасы, себептері, патогенезі.
5. Липидоздар. Миокардтың,бауырдың, бүйректің майлы дистрофиялары.
6. Паренхиматозды көмірсулы дистрофиялар. Қант диабетіндегі гликоген алмасуының бұзылуының себептері, патогенезі, морфологиясы.
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру:1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
№ 2
1. Сабақтың тақырыбы: Паренхиматоздық дистрофиялар. Стромалы қантамырлық, аралас дистрофиялар. 2. Сағат саны: 45 мин.
3.Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Тақырыпты білу жалпы патология курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста паренхиматозды, стромалық қан-тамырлық дистрофияларды білу және клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және
олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету
5. Оқыту әдісі:Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.