1. Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: Некроз, анықтамасы. Гангрена. 2. Сағат саны: 45 мин. 3.Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4.Сабақтың мақсаты: ● оқыту: Тақырыпты білу жалпы патология курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста минералды, аралас дистрофияларды және қан айналым бұзылыстарын білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
● тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және
олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
● дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету
5. Оқыту әдісі:Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6.Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: (1-ші қосыманы қараңыз) 8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (5,5%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15,5%)
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру:27 мин (31%)
Минералдар алмасуының бұзылуы (минералдық дистрофиялар) Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып, ферменттердің, гормондардың, витаминдердің, пигменттердің, белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар –биокатализаторлар,сондықтан зат алмасу үдерісінің біразына қатынасып қышқыл –негіздік ортаны қажетті деңгейде ұстауда маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады.
Микроөртеу (микросжигание) тәсілін гистоспектрографиямен сабақтастыра қолдану тіндердегі кальцийді, темірді, мангийді, кремниді және басқа элементтерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық тәсілмен организмге изотопы енгізілген элеметтердің жиналатын жерін білуге болады. Сонымен қоса, белокты қоспадан босап, тінге жиналған элементтердің біразын анықтау үшін дәстүрлі гистохимиялық тәсілдер қолданылады.
Кальций, калий, мыс және темір алмасуы бұзылуының практикалық маңызы зор.