Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі34,68 Kb.
#4383
түріСабақ
Пән аты: Тіл және оқу

1-сынып Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету,көктем мезгілі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушыларға сурет көрсету арқылы сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту,ой-өрісін арттыру.

Тәрбиелілігі:еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс- тәсілі: түсіндіру, хабарлау, сұрақ – жауап, ойын, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Көрнекіліктер: оқулық, плакаттар, ребус, тірек – сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психологиялық дайындық (құстар әнін айту)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны» өлеңін жатқа сұрау

Жаттығу жұмысын талдау

ІІІ.Қызығушылықты ояту

«Доп қағу» ойыны

- Қазір балалар, мен сендерге сөздер айтамын, сендер сол сөздерге сұрақ қоясындар.

Парта, не? Гүл, не? Әке кім? Дәрігер кім? Сатушы кім?

- Олай болса, балалар, заттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?



Кім?-Зат есім-не?

ІҮ.Жаңа сабақ

- Балалар, біздің сабағымыз жақсы өту үшін және көңіл-күйіміз көтеріңкі болу үшін сабақ басында қандай өлең айтып едік? (Құстар әні)

- Құстар қай мезгілде келеді? Көктемде

- Ендеше, қазір қай мезгіл? Көктем мезгіл

- Көктем мезгілінің қай айы? Наурыз

- Көктем мезгілінің алдында қай мезгіл болды? Қыс

- Қыс мезгілі сендерге қандай ерекшелігімен есте қалды? Әр мезгілдің өз ерекшелігі бар.

- Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай? Қане, кім айтады?



Көктемде: күн жылынады, қар ериді, құстар келеді, мал төлдейді, аңдар оянады, 8 – наурыз қыздар мерекесі болады.

- Балалар, нелердің суретін көріп тұрсындар?Көктем көрінісі

Құстарды пайдасы жайлы айту.

Құстардың дыбыстарын келтіру.

Ү.Оқулықпен жұмыс.

Көктем мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелеу.Құраған сөйлем ішінен кім?не?сұрағына жауап беретін сөздерді табу.



82 – жаттығу Сөздерді оқып шығып,әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар.

Аю, бүркіт,сүт,өзен,ұшқыш,тігінші.



«Кім тапқыр» ойыны

Көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін заттарды қызыл түспен бояңдар.

Көзге көрінбейтін заттар: ауа, ой, арман.

Көзге көрінетін заттар: көктем, гүл, шөп, түн, құстар.

Осы тірек сөздерді пайдаланып «Көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрап, жазғызу.

83– жаттығу 1. Кім?Не? сұрағына жауап беретін сөздерді суретке қарап табыңдар.

2.Әр сөзге сұрақ қойыңдар.

3.Көп нүктенің орнына заттардың атын жазыңдар.

Кім?... Не?...


ҮІ.Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып, алайық.

«Ребус» шешу.

- Нелердің суретін көріп тұрмыз? Алманың

- Алма сөзіне «с» дыбысын қоссақ, Алмас сөзі шығады.

- Балта сөзіне «бай» сөзін қоссақ «Балтабай» сөзі шығады

- Гүл сөзіне «нар»-ды қоссақ Гүлнар сөзі шығады.

- Ендеше кісі аттарына қандай сұрақ қоямыз? Кім?

- Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?

«Бәйшешек»ойыны

Көктемде ең алғаш шығатын бәйшешек гүлінің сұрақтарына жауап беру.



ҮІІ.Қорыту

Үлестірме қағазбен жұмыс



ҮІІІ.Үйге тапсырма беру.

84-жаттығу орындау.



ІХ.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет