Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Домалақ ана. 1 сынып



Дата31.01.2018
өлшемі43,83 Kb.
түріСабақ
Шығыс Қазақстан обылысы Аягөз ауданы

«№1 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ-нің

Бастауыш сынып мұғалімі Дюсембаева Гаухар Кабышевна



Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Домалақ ана. 1 сынып

Мақсаты:1.Оқушыларға заттың сынын білдіретін сөздер туралы мағлұмат беру. «Домалақ ана» өлеңімен таныстыру. 2.Өлеңді түсініп,мәнерлеп оқуға жаттықтыру. «Домалақ ана» тарихына шолу жасап,оқушының дүниетанымын кеңейту.Қанша?Неше?Нешінші?сұрақтарына жауап беруге дағдыландыру. 3.Туған өлкеге деген қызығушылығын оята отырып,оның табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу. Оқушыларды халқымыздың мақтанышы,ұрпағының тілеуін тілеген әулие анамызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,ассоциялау.

Көрнекілігі:Электронды оқулық «Ана тілі»1кл.«Қазақ тілі 1 кл.М.Мақатаев,Т.Рахимов суреттері.үнтаспа,Аякөз қаласына байланысты суреттер,слайд.Әл-Фараби суреті,Домалақ ана кесенесі. Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. А) психологиялық даярлық. ә) оқушыларды түгендеу.

І.Қызығушылығын ояту.

2.Үй тапсырмасын тексеру. ( «Өнерлі жігіт» мәтіні бойынша жұмыс)

Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» Ойын шартын түсіндіру.

1) Мәтінде кім туралы айтылған?

2) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?

3) Ол өнерлі жігіттен не деп сұрады?

4) Өнерлі жігіт не деп жауап берді?

5) Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты?

6) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?

7) Әл-Фараби кім? (Суретін ашу.

1.Әл-Фараби портреті.

2.Дүниежүзілік білімнің екінші ұстазы.

3. Дүниежүзілік мәдениеттің екінші ұстазы.

4.Данышпан.

5.Ойшыл

6.ғалым.7.50 шақты еңбегі жеткен.)

Міне,»Бұл кім?» ойыны арқылы біз Әл-Фарабидің кім екенін білдік және сұрақтарға жауап бердік.Ненің бейнесі шықты?

Оған не жетіспейді?

Жұптық тапсырма: (үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.) •

Дұрыс жазылған сөзді тап және буынға бөл. •

1) а автобуз

2) автобус

3) автобус •

Берілген сөздерден сөйлем құра.Ақылды,қызыл,бала,алма,үй,шеткі. (жапырақ бейнесі.)

1)Жұптық тапсырма тексеріледі (гүл сабағына қою)

2) Жұптық тапсырма оқылады да, -Енді осы сөздерге сұрақ қойыңдаршы? –

Олай болса,Қандай?Қай? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?(заттың сынын білдіретін сөздер туралы ережені еске түсіру.) Гүл жапырақтарын қою.

ІІ.Мағынаны тану. 3.Жаңа сабақ. -Бүгінгі сабақта біз заттың санын білдіретін сөздер туралы білетін боламыз.

-Саяхат жасағанды жақсы көресіңдер ме?Олай болса,өзіміздің қаламыздың көрнекті жерлеріне саяхат жасап,оның табиғат үніне құлақ сап,көктемгі табиғатты тамашалаймыз.

-Балалар,кәзір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Көктем туралы слайд көрсетіледі)

-Қаламыз қалай аталады? -Бір сәт,көзімізді жұмып,көктемгі табиғат өзгерістерін көз алдымызға елестетейік. (Үнтаспадан әуен тыңдау. Сонымен бірге жер көгеріп,алғашқы рет қар астынан бәйшешек,жауқазын сияқты гүлдер шыға бастайды.(Тақтадағы гүл бейнесін көрсету)

-Енді,саяхатымызды сүйікті мектебімізден бастайық №1 аялдама:№1 орта мектеп. Тапсырма:Мына сұрақтарға жауап беріңдер және сұрақтарына назар аударыңдар?

1.Сендердің сыныптарыңда қанша оқушы бар?

2.Сыныптарыңда неше оқу озаты бар?

3.Сендер нешінші мектепте оқисыңдар?-Тапсырмада қандай сұрақтар қойылды?(қанша? неше? нешінші?)

Жаңа сендер 10 оқу озаты,20 оқушы,№4 орта мектеп деп жауап бердіңдер.Осы 10,20,4 деген не?

-Бұл заттың санын білдіреді. Олай болса, ереже айтайықшы

-Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады екен?

Ия, дұрыс айтасыңдар.

Қанша? Неше? Нешінші?

Сұрақтарынна жауап беретін сөздер заттың санын білдіреді.

Мысалы:бес,он,отыз,екінші.

Біз мектебіміздің тапсырмасын жақсы орындадық.Енді келесі аялдамаға барамыз.

№2 аялдама: «Аякөз» өзені.

Аякөз өзені туралы қысқаша дерек. Аякөз өзені өзінің бастауынТарбағатай тау жоталарынан алады.Ол Балқаш көліне құяды.Аякөз өзені-Алматы,Шығыс Қазақстан аумағы арқылы ағатын өзен.Өзен суы-тұщы.Қаламыз осы өзеннің атымен аталады.

Ақын М.Мақатаев Аякөз өзені туралы»Аякөз-ару!» өлеңін жазған.Өлеңнен үзінді оқу. Ал, жерлесіміз Тұрсынғазы Рахимов осы өлеңге арнап ән шығарған. Жыл өткен сайын өзеннің суы азайып барады.Аякөз өзені-өлкеміздің табиғат байлығыСондықтан оның суын ластауға болмайды.Оны сақтауымыз керек.

Тапсырмасы: Кітаппен жұмыс.133-жаттығу. Орындамас бұрын «Көркем жазу» минутын орындайық.

№3 аялдама: «Демалыс».Сергіту сәті. Енді осы өзен бойында демалайық .

(Музыка ырғағымен)

№4 аялдама: «Мешіт» Мешітті барлықтарың көрдіңдер ме? Мешітте намаз оқылады,құран-қатым түсіріледі.Мешіт адамды тазалыққа,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелейді.Мешіт-АЛЛАның үйі.

Тапсырма:125-жаттығу(ауызша)

1.Суретке қарап,құстардың санын анықтаңдар?

2.Мына екі сұраққа ауызша жауап беріңдер.

3.Нешеу? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ата.

Компьтерде орындату:Барлығы ......... құс. -Енді айтыңдаршы өлкемізде осы құстар кездесе ме?

№5. аялдама:Орталы ала . қ ң -Алаңда не орналасқан? -Ия,елі үшін ерлікпен қаза тапқан батырларға арналған ескерткіш «Мәңгілік алау» және «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет үйі. Осы батыр ағаларымыз бен апайларымызды құрметтеп, мақтан етуіміз керек.

Тапсырма:1.Өлеңді түсініп оқы. «Домалақ ана» -Өлең кім туралы?

-Ал,балалар сендер Домалақ ананың кім екенін білесіңдер ме?(Домалақ ана туралы мәлімет беру,слайд көрсету.

Қосымша мәлімет: Домалақ ананың шын аты-Нұрила. Нұрила-арап сөзі,қазақша «Алланың нұры» деген ұғымды білдіреді. Ол 1378-1456 жылдары өмір сүрген Түркістандағы Яссы қыстағында туылған.Нұриланың әкесі Әли Слан әскер басқарған.Ол жастайынан жетім қалып, атасының қолында тәрбиеленеді.Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күнді болжай білген, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде ақ оның атын атамай, бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана» деп атаған домалақ ананың қадір қасиеті ерте-ақ танылған.Домалақ ана Жетісу,Әулиеата,Шымкент,Ташкентті мекен еткен барлық халықтардың анасы саналады.Нұрила ана 1456жылы қайтыс болды.Оның немересі Дулат ана басына кесене тұрғызды.Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып,қайта өңделген.Соңғы рет Домалақ ана кесенесі 1998 жылы жаңартылып, 2000жылы айналасын көгалдандыру жұмысы аяқталды.

Енді өлеңді тізбектеле оқиық. Инсерт әдісі бойынша сөздік жұмыс: Қасиетті ана,мазар. -Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыңдар?Қазір дидактикалық ойын «Күн нұры»арқылы ассоциация құрайықшы. Міне біз жақсы адам қасиеттерін айтып шықтық

. ІІІ.Ой толғаныс./Сабақты бекіту/.

№6 аялдама. «Вокзал». «Кубизм» стратегиясы бойынша , ана туралы қандай мақал-мәтел білеміз.

Қорытынды:Бүгін не білдік? Не үйрендік?.

Қаламыздың әдемі болуы үшін оны таза ұстап, көгалдандыру жұмысына қатысуымыз керек.

Үй тапсырмасы:134-жаттығу,ереже жаттау. «Домалақ ана»өлеңін оқу.



Оқушы білімін бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0045
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0045 -> В. А. Сухомлинский оқушылардың ата аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін»
0045 -> Программалық блок-схемаларды біледі Жаңа түсінік Күрделі шарттар
0045 -> Сабақтың тақырыбы: Данышпан Ұлы Абайым. Нұрмағамбетова Асылша Қуанышбайқызы Қараман орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу