V. Жаңа материалды меңгерту:
Томсон формуласы.
Томсон формуласына енетін шамалар қандай бірліктермен өлшенеді?
Мысал келтір
VІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
126 беттегі есептерді шығару
Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 4 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды қалай өзгереді?
2. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 2 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді?
ІІ деңгей.
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер.
Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер.
ІІІ деңгей.
Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек?
Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек?
VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §31. Сұрақтарға жауап беру
9 сынып
Тақырыбы: Ампер күші. Сол қол ережесі
Мақсаты:
Білімділік: Ампер күші физикалық шама туралы мәлімет енгізу, сол қол ережісімен таныстыру.
Дамытушылық: Сол қол ережесіні практикада қолдануға үйрету, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есептерді шығаруға жолдарын көрсету.
Тәрбелік: Пәнге қызығушылықты тұдыру, өз бетімен жұмысту жасауға үйрету
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдер: СТО
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Қайталау сұрақтары
1. Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?
2. Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?
3. Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?
4. Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?
Сабақтың жаңа тақырыбын түсіндіру
Ток "бізге қарай" бағытталса, онда индукция бағыты қандай болады?
Ток "бізден" бағытталса, онда индукция бағыты қандай болады?
Мына суреттің мәні қандай?
Белгілі француз физигі Ампер токтардың өзара әрекетін зерттей отырып, магнит өрісінің токқа белгілі бір күшпен әрекет ететінін көрсететін бірнеше тәжірибелер қойды. Осы физикалық шама Ампер күші деп аталады.
Ампер заңы
α=90º (sin90º=1) кезінде Ампер күшінің ең үлкен мәнге ие болады
F max=BI∆ι
Сол қолдың алақанына магнит өрісінің күш сызықтары енетіндей етіп және төрт саусақты ток бағытымен бағыттасақ, онда 90градус бұрышпен тұрған бас бармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Бекіту үшін есептер
Магнит полюстарының арасымен өтіп бара жатқан протонға магнит өрісі тарапынан әсер етуші күштің бағытын анықтаңыз: протон "бізден қарай", сурет жазықтығына түсірілген перпендикуляр бойымен қозғалады.
Суретте келтірілген жағдайдағы магнит өрісінде қозғалып бара жатқан а-бөлшекке әсер ететін күштің бағыты.
3. Біртекті магнит өрісіне орнатылған тоғы бар (суретте ток бізге бағытталған) түзу өткізгішке әсер ететін Ампер күшінің бағыты...
4. Тұрақты магнит айналасындағы магнит индукция сызықтарының орналасуы дұрыс көрсетілген сурет
Достарыңызбен бөлісу: |