5. Тест жұмысы
1. Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1 м болса, ток күші 50 А болғанда өткізгішке индукциясы 10 мТл магнит өрісі әсер ететін күш (Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр)
A) 40 мH B) 100 мH C) 60 мН D) 50 мH E) 20 мН
2. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 30 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5м, бойымен 3А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке 9Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы
А) 5Тл В) 6Тл С) 12Тл D) 5,5Тл Е) 0,5Тл
3. Ұзындығы 40 см, бойындағы ток күші 2А, магнит өрісі индукция сызықтарына 30ғ бұрышпен орналасқан өткізгішке 0,4 Н күш әрекет етеді. Магнит өрісінің индукциясы
А) 4 Тл В) 1 Тл С) 105 Тл D) 2 Тл Е) 3 Тл
A) оң қол ережесі B) бұрғы ережесі C) сол қол ережесі
D) оң нормаль ережесі E) Ленц ережесі
5.Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш
A) 2Н B) 1Н C) 3Н D) 5Н E) 4Н
6.Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғандағы, магнит индукциясы
A) 0,8 Тл B) 0,08 Тл C) 0,04 Тл D) 0,4 Тл E) 8 Тл
7. Ампер күшінің бағытын анықтайтын ереже
A) Оң қол ережесі B) Сол қол ережесі C) Ленц ережесі D) Бұранда ережесі
E) Архимед ережесі
8. Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы
A) 600 B) 300 C) 500 D) 400 E) 200
9. Магнит өрісі индукциясы сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 20см өткізгішке 0,4 Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 4А болса, магнит өрісі индукциясының шамасы
A) 2Тл B) 1Тл C) 3Тл D) 5Тл E) 4Тл
10. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 30 0 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы
A) 10 Тл B) 12 Тл C) 14 Тл D) 8 Тл E) 6 Тл
6. Қорытынды
1. Қандай жаңа мәлімет алдыңыздар?
2. Ампер күші дегеніміз не?
3. Магнит индукциясының өлшем бірлігі қандай?
4. Сол қол ережесі қалай тұжырымдалады?
7. Үй тапсырма: оқу, «Ампер күші» тақырыбында реферат жазу.
10 сынып.
Сабақтың тақырыбы: “Кинематика және динамика негіздерін қайталау”.
Мақсаты:
а) Білімділік: “кинематика” және “динамика” тарауындағы негізгі физикалық ұғымдарды қайталап еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін, белсенді сөйлеу қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен ізденуге, оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, арбаша, таразы, секундомер.
Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Викториналық сұрақтар
2. “Кім шапшаң?” тест тапсырмасын орындау
3. Қорытындылау тарау бойынша есептер шығару
4. Бағалау
5. Үйге тапсырма беру
Викториналық сұрақтар.
Кеңістікте белгілі пішіні мен нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды? (дене)
Дененің немесе материалық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады? (траектория)
Механикалық қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлім (кинематика)
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар не деп аталады? (векторлар)
Жылдамдықтың өзгеру шапшандығын сипаттайтын шама (үдеу)
Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі (еркін түсу үдеуі)
Периодқа кері шама (жиілік)
Денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі (динамика)
Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон)
Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі (салмақсыздық)
2.«Кім шапшаң?» тест тапсырмасын орындау.
1. Берілген шамалардың қайсысы скаляр шама болып табылады?
А) үдеу Б) период В) уақыт Г) жылдамдық
2. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын көрсететін физикалық шама?
А) орын ауыстыру Б) жылдамдық В) үдеу Г) күш
3. Траектория дегеніміз не?
А) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді
Б) дененің жүрген жолы
В) дененің кеңістіктегі жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызық
4. “Кинематика” сөзі қандай мағына білдіреді?
А) траектория Б) сызық В) еркін түсу үдеуі Г) қозғалыс
5. Бірінші ғарыштық жылдамдық:
А) 7,9 км/с Б)11,2 км/с В) 7,8 км/с
6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
А) Галилей Б) Ньютон С) Архимед
7. Ньтонның екінші заңы:
А) Б) В)
8. Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы
А) салмақсыздық Б) дененің салмағы В) асқын салмақ
9. ненің формуласы?
А) Ньютонның екінші заңы Б) Бүкіләлемдік тартылыс заңы
В) Ньютонның үшінші заңы
3. Есептер шығару.
Автомобиль орнынан қозғалған сәттен-ақ тұрақты үдеуге ие болады. Ол қанша уақыттан кейін 54км/сағ жылдамдық алады?
36км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
Массасы 3кг дене 4м/с жылдамдықпен қозғалады. Дененің кинетикалық энергиясын табыңдар
Үлкен мұз кесегінің салмағы 9кН. Мұздың массасын табыңдар
( )
Массалары 20кг және 15кг қандай да бір дене қозғалып келе жатыр. Жердің радиусы . Жерге тартылу күшін табыңдар.
Массасы 5кг дене 7м биіктікте тұр. Дененің потенциалдық энергиясын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |