III. Жаңа білімді бекіту
|
Ой толғаныс
Венн диаграммасы:
Венн диаграммасы бойынша зейін түрлерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма береді.
Миға шабуыл:
Топ бойынша тапсырмалар беріледі
1-тапсырма.
Техникалық бақылау бөлiмiнде екi тексерушi жұмыс iстейдi. Бiреуi жұмысты жаңадан бастаған, екiншiсi тәжiрибелi. Жас тексерушi бөлшектерiн бiр-бiрден алып, тексерiп тұрса, тәжірибелiсi қолына екеуiн алып тексеруде.
Сұрақ: Екеуiнiң бiр-бiрiнен зейiн айырмашылығы қандай?
2-тапсырма.
Сахнагер әрекетi өте күрделi. Ол зейiнiн тек рөлге бағындырып қоймайды. Сахнада өз мiндетiн орындай жүрiп, серiктерiне де көңiл бөледi.
Сұрақ: Сахнагерге өз мiндетiн ойдағыдай атқаруы үшiн зейiнiнiң қандай қасиеттерiн дамыту пайдалы?
3-тапсырма.
Балалар белгiлi уақыттың iшiнде айналасында шашылып жатқан геометриялық фигураларды түстерi бойынша есiнде сақтап, оларды артынша қайта жаңғыртуы (қайталап айтып беруi) керек. Мерзiмдi уақыт өткен соң, белгi берiлiп, жан-жаққа қарау тоқтатылып, ойын жүргiзушi әр қайсысының жауабын тыңдайды. Жауап берген баланың тастап кеткенi болса, басқалары толықтырып отырады. Ойын шарты бойынша кiм есiнде көп сақтап, айтып берсе, сол жеңiмпаз болады.
Сұрақ: Ойын үстiнде зейiннiң қандай қасиеттерi байқалады? Оларды қандай белгiлерi бойынша ажыратуға болады?
4-тапсырма.
Мынадай пiкiрталас бойынша зейiн сапасын анықтаңыз:
Мұрат өте зейiндi бала. Ол кiтап оқып, не әңгiме тыңдаған кезде оған бөгде бiреудiң бөлмеге келуi, сөйлеген сөзi, радио дауысы ешқандай әсер етпейдi. Өйткенi оның зейiнi шұғылданып отырған iсiне ауған.
Қанат одан да зейiндiрек. Ол мұғалiм сабақ түсiндiрiп тұрғанда, кластың iшiнде болып жатқандардың бәрiн көрiп, бiлiп отырады.
Ал Асылан екеуiнен де зейiндi. Бiрде көзге түрткiсiз қараңғыда келе жатыр едiк, көшедегi электр шамы жарқ етiп жанды да қайта өштi. Бiз тек бiр адамның көлбеңдеген бейнесiн байқап үлгердiк. Ал Асылан сол ер адамның қолындағы мылтығын да, жанында тұрған итiн де, тiптi бас киiмiндегi жұлдызды да көрiптi. Шындығында бiзге жолыққан адам шекарашы екен.
Сұрақ: Осы балаларда зейiннiң қандай қасиеттерi қалыптасқан?
5-тапсырма.
Балалардың зейiн көлемiн анықтау үшiн оларға мынадай тапсырма беруге болады. Iшiнде бiрнеше геометриялық фигуралар орналасқан шеңберлер 2-3 минут көрсетiлгеннен кейiн көздерiнен тасаланады. Содан соң, сондай бос шеңберлер сызылған қағаз берiлiп, оларға үлгi көрген геометриялық фигураларды мүмкiндiгiнше сол көрген қалпында салып шығуы керек.
6-тапсырма.
Зейiннiң бөлiну, алаң болу тәрiздi сипаттарын анықтау мақсатында бала өлең жолдарын жазып отырған кезде, оған мынадай тапсырма берiледi:
1.Бақылаушы қаламын үстелге қанша рет тықылдатқанын.
2. Өлең жолдарындағы дауысты дыбыстарын астын сызу.
Шыңнан сырғып түстi де,
Келдi етекке қыс мiне,
Ақ қарлап - ақ көбелек,
Қонды үйдiң үстiне.
3.Бөлiмдегi бөгде дыбыстарды сезiну.
|