Бір айналым сөйлесу:
Студенттерді 1,2,3,4 топқа бөледі, мәтіндер жазылған үлестірмені таратады.
1-топ: Зейін туралы түсінік, физиологиялық негізі.
2-топ: Зейіннің түрлері.
3–топ: Зейіннің қасиеттері.
4-топ. Балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу.
Тахистоскоп - зейін көлемін зерттейтін аспап
Тапсырмалар
Әрбір топқа сұрақтар беріледі
«Кубизм стратегиясы»:
Зейін дегенді қалай түсінесіңдер, таным процестерімен байланысы неде?
Доминанта теориясының мәнін сипаттаңдар.
Зейіннің ырықты, ырықсыз, үйреншікті түрлерінің ерекшеліктері қандай, олардың пайда болуына қандай жағдайлар әсер етеді?
Зейіннің әрбір түріне мысал келтіріп, сипаттаңдар?
5. Зейіннің қасиеттерінің қандай ерекшеліктері бар?
Студенттер өз ойларын айтып, ортаға салады.
Әр студент жеке және жұппен, кейін топпен талқылай отырып, қағазға өз ойларын түсіреді.
Студенттер осы ойдың мазмұнын талдайды
Әр топтан бір оқушы келіп, үлестірме қағазды алады.
1-топ: Зейін туралы түсінік, физиологиялық негізі.
2-топ: Зейіннің түрлері
3–топ: Зейіннің қасиеттері.
4-топ. Балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеу.
Инсерт.
Студенттер мәтінмен танысып, белгілермен жұмыс жасайды
«+» - мен үшін жаңалық
«-» - білмеймін
«V» - білемін
«?» - білгім келеді
Студенттер берілген сұрақтарға жауап береді, талдайды.
1. Зейін – адам санасының белгілі бір объектіге тұрақтала бағытталуы
2. Доминанта теориясының негізін салушы А.А. Ухтомский. Ол «үстемдік ету» деген мағынаны білдіреді.
3. Зейіннің 3 түрі бар, олар: ырықты, ырықсыз, үйреншікті.
4.
Ырықты зейін: талап ету арқылы өзінің ерік күшін жұмсау арқылы әрекет жасау;
Ырықсыз зейін: оқыс шыққан дыбыс, өткір иіс, жаңалықтарға, қанық бояулы заттарға, нәрсенің өзгеруіне, қызығушылығы мен қажеттілігіне сәйкес ерік күшін жұмсамай – ақ зейін аудару;
Үйреншікті зейін: күнделікті қайталанатын әрекеттер – ұйқыдан тұру, өз орнын жинастыру, сабаққа бару, тамақ ішу т.б.
5. Зейіннің негізгі қасиеттері мыналар: тұрақтылығы мен жинақтылығы, көлемі, бөлінушілігі, аударылуы, алаң болушылық.
|
Өз ойларын ұсына отырып түсіндіреді немесе топтың өзге де мүшелерінің идеяларын, өз қарым-қатынастарын дәйектейді. Өз ойын ресімдейді. Студенттермен бірлесе отырып, практикалық психологияға ғылыми тұрғыдан түсініктеме береді.
Зейіннің пайда болуына керекті шарттар анықтайды.
Топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді.
Әңгімені нормаға сәйкес бастап, аяқтайды, сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді.
оқушылар топтық жұмыс тапсырмаларына сәйкес жауап береді (іс-әрекетті орындайды).
Әр студент топпен жұмыстана алады.
Әр жанұя мүшелері өз алдына жұмыс тобымен жұмыс жасап, кейін өз жанұяларына келіп, білгендерін үйретіп зейін тақырыбы туралы толық мәлімет алады.
Ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алады.
Түсінуге және нақтылауға арналған тапсырмалармен, сұрақтармен топ болып жұмыстанады, өз ойын жеткізеді.
|
|