Сабақтың тақырыбы: Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д. У



бет2/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43167
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сонымен, тайпа дегеніміз—жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері деп түсінгеніміз жөн. Ру. Біздің пайымдауымызша, шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Балаға кішкентайынан жеті атасының кім екенін жаттатып өсірген. Бір атаның балалары жақындығы жағынан 7 атадан асқаннан кейін ғана өзара құдандалық қатынасқа түсуіне рұқсат етіледі. Оны ел ақсақалдары арнайы рәсімдейді. XVII—XIX ғасырларда кейбір рулар туыстығымыз, берекеміз бұзылмасын деп, 13—15 атаға дейін өзара қыз алыспаған. Жақын туыстар арасында қыз алыспау тәртібін рулық экзогамия дейді. Әріден келе жатқан үлкен руларда қандас туыстықпен қатар жай генеалогиялық (шежірелік) туыстық қалыптасқан. Рулардың өсіп-өну үдерісінде олар әр түрлі тарихи себептермен (соғыс, жер ауып көшу) өзара араласып сіңісіп отырған. Әлеуметтік жіктелу. XVIII—XIX ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында қанау бүркенішті әдістермен жүргізіліп, езгі түрінде болмағандықтан, таптық қарама-қайшылық қатты шиеленісте болған жоқ. Оның үстіне, туыстық кағидаға негізделген рулық қауым идеологиясы байларға кедей туыстарын қатты қанауға мүмкіндік бермеді, кедейдің өз туыстасының шаруашылығында жұмыс істеуі де қанау мазмұнын туыстық пиғылмен жеңілдетті.



Қазақ қауымында, басқа жұрттан келіп сіңген кірмелер, қоңсылар, аз да болса құл, күңдер болды. Қауымның бұл тобындағы кедейлерді қанау, оларға әлеуметтік қатынас рулас қауым мүшелеріне қарағанда қаталдау болды. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да, бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байдың шаруашылығында жұмыс істеді. Дегенмен қазақ қоғамында құл мен күң деген елеулі әлеуметтік топ болған жоқ, өндірісте де олардың орны біршама төмен болды. Қазақ қоғамындағы ханнан, ханның әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ — сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан сайланды. Төре деген әлеуметтік этностық топты Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтарды ғана құрады. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды. Олар қазақ ішіндегі ақсүйек топқа жатады. Олар қазаққа қыз бермесе де, қазақтан қыз алды. Сондықтан қазаққа тезірек сіңісіп кетті. Басқару жүйесі. Көшпелі қазақ қоғамында өзінің басқару жүйесі болды. Көне заманда қазақ жерінде сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың мемлекеттері болды. Орта ғасырларда наймандардың, керейлердің, жалайырлардың, қыпшақтардың мемлекеттіліктері болды. XIV ғасырға дейін Қазақстан жерінде әр түрлі мемлекеттер болды, XV ғасырдан бастап Қазақ хандығы құрылды. Бұлардың барлығы да көшпелі қауымдастықтар құрған мемлекеттер. Сондықтан көшпелілерде мемлекеттілік болған жоқ, ал болса, "олар мемлекеттік басқару жүйесінің үлгісін отырықшы халықтардан алды, үйренді" деген пікірлер мүлдем қате. Қазақ жерінде хандық басқару жүйесі қалыптасқан XV—XVIII ғасырлар аралығындағы көшпелі қоғамның билік жүйесінде елдің ең жоғарғы саяси билігін хан жүргізді. Хан өкіметінің төмендегідей өкілеттігі және қызметі болды: Хан бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы болып есепте лді. Қол астындағы елді, жерді қорғау — оның басты міндеті саналды. Хан бөтен елге соғыс ашу немесе бейбітшілік жөнінде келісім жасауға құқылы болды. Хан бүкіл қазақ елінің атынан шетелдермен келісімшарттар жасады. Хан елдің жоғарғы сотының қызметін атқарды, біреуді өлім жазасына бүйыруға немесе кешіруге құқылы болды. Хан бүкіл елге қатысты заңдар, Жарлықтар шығарды. Көшпелілерде қағандар, хандар, патшалар сияқты елбасыларына бағыну, солардың маңайына топтасу, ел бірлігін сақтау ежелден қалыптасқан дәстүр. Өйткені оларда ел басқарушы адамдарға табыну дәстүрі болды. Сонау ғұндардың тәңірқұтыларынан, көне үйсіндердің күнбилерінен бастап, түркілердің қағандарына дейін ел басқарушыны Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді. Түркі заманының қоғамдарында қазақ хандарын да солай құрметтеді. Оларды хан сайлағанда, боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге отырғызып көтерді. Қазақ хандарының жанында ақылшысы, кеңесшілері, төбе билері, жасақтары, іс жүргізуші мемлекеттік қызметкерлері болды. Хан жергілікті жерлерді өзінің әрбір жүздегі өкілдері — сұлтандар арқылы, үлкен тайпа көсемдері — билер, ру-тайпа ақсақалдары арқылы басқарды. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді. Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. Қоғамдағы түрлі топтар қызметі Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Жалпы, арғы заманғы дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың орны ерекше болды. Оны олардың батырлар жырындағы бейнесінен байқаймыз. Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсыбалгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сынықшылар айналысты. Олар әріден келе жатқан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды. Жалпы, көшпелі тұрмыстың жылжымалылығы, халықтың бір орында топтаспай, бытырап орналасуы, әр түрлі індет, жұқпалы аурудың тарауынан сақтады. Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстаң әр түрлі ат әбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асыл тұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Құсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды. Бақсы-балгер ем-дом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Барымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әр түрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі шуттар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді..

Сабақ барысында қолданылатын терминалогиялық сөздіктер:

-генеалогиялық, рулық экзогамия, потестарлық билік жүйесі

Сонымен, көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы өзінің бірнеше сатылы этностық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам


Оқулық,

мәтіндер.



Ортасы

10 минут




Қолдану

«Үш қадамдық сұхбат» (Жеке, Талдау, Постер құру)

Бұл әдіс арқылы топтық жұмыс жүргізіледі. Тақырып талқыланады, қортындыланады. Түйіндейді.


Талдау «Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Тапсырма:

«Сәйкестендіру»


Жақын туыстар арасындағы қыз алыспау тәртібі

құлдармен күңдер

Өз қожайындарына экономикалық жағынан, бас бостандығынанда тәуелді әлеуметтік жік?


жауырыншы

Бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы, қол астындағы елді, жерді қорғау міндеті?

экзогамия

Жауырынға қарап бал ашып, жол кесті, болашақты болжаушы

сопылар

Имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубеге шақырушы

хан

Ел ішіндегі күлдіргі әңгіме тудырушы

майрампаз



Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Талдау «Жариялау» әдісі
Тапсырма орындау


Сергіту сәті

2 минут


«Ойын ойнайық!»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Оқушылар сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Ой қорытыу

Тест сұрақтары: (актевойтпен жұмыс)

  1. Жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері?

А) ру Б) тайпа В)жүз Г) қандық

  1. Жақын туыстар арасындағы қыз алыспау тәртібі?

А) эрозияға Б)этнология В)экзогамия Г) генеалогия

  1. Өз қожайындарына экономикалық жағынан, бас бостандығынанда тәуелді әлеуметтік жік?

А) қожалар Б)төрелер В) төлеңгіттер Г) құлдармен күңдер

4. Бүкіл елдің, жердің иесі, қожайыны, басқарушысы, қол астындағы елді, жерді қорғау міндеті?

А) хан Б) би В) сұлтан Г) қожа

5. Елдің дәстүрін, салтын бұлжытпай орындауды қадағалаушылыр?

А) батырлар Б) абыздар В) ру ақсақалдары Г) хандар

6. Елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар?

А) ру басылары Б) бақсы-балгарлер В) емшілер Г) абыздар мен жыраулар

7. Жауырынға қарап бал ашып, жол кесті, болашақты болжаушы?

А) атбегі Б) ерші В) жауырыншы Г) барымташы

8. Ел ішіндегі күлдіргі әңгіме тудырушы?

А) шешен Б) балгер В) майрампаз Г) барымташы

9. Имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубеге шақырушы?


А) қожалар Б) сопылар В) құсбегі Г) өрімші

10. Үш жүздің арғы атасы

А) қазақ Б) жүз В) ру Г) тайпа


Ой қорытыу

Тест жұмысы





Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут

«Екі жұлдыз бір тілек» (2 жақсы жағымен, 1ұсынысы)

«Сенгвич» (жақсы жағы, ұсынысы, мадақтау)

«Айтарым бар» (пікір, ұсыныс)



Кері байланыс

Білім қоржыны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет