Сабақтың тақырыбы: Зерттеу сұрағы: Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар Мұғалімнің аты-жөні: Лукпанова Д. У



бет5/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43167
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Ақ қағаздарды тарата отырып, оқушылардан оны гармошка әдісіне салып орауды, содан соң өткен тақырып бойынша біліп, үйренгендерін жазуды ұсынамын. Қағазға топта айналып басқа оқушының пікірлері жазылады. Осы «Мен көп білемін » әдісі арқылы тақырып қорытындыланып, жаңа тақырыптың мақсатын аша аламын.


Үй тапсырмасын сұрау

Блиц-турнир

  • Көшпелі қоғам жөніндегі Еуропа ғалымдары мен кеңестік тарихшылардың пікірлерін қандай екі топка жіктеуге болады?

  • Көшпелілікің шығуының экологиялық, географиялық себептері қандай?

  • Көшпелілікті зерттеген қазақстандық ғалымдар кімдер? Олардың қандай еңбектері бар?




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.



Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді бөлінген топтар бойынша оқып алады.

Ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары.

Отырықшылық – халықтың бір жерде қоныстануы, тұруы. Жергілікті жер жағдайы мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанды ерте заманда мекендеген көне түркі тайпалары ғасырлар бойы көшпелі мал ш-мен айналысты. Дегенмен өзен-көл жағалаулары мен құнарлы аймақтарда егіншілік те қатар дамыды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес тайпалар 6 ғ-да Ертіс өңірінде, Сыр бойында және Жетісуда егіншілікпен айналысып, отырықшылық өмірге дағдылана бастады.

Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кәсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың әлеуметтік-экономикалық, саяси қауымдастығы және өркениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет