Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы. Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі28,29 Kb.
#47862
түріСабақ
Математика

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: ұзындық өлшем бірлігі - миллиметр (мм) бірлігін енгізу және оны басқа өлшем бірлігіне айналдыруды үйрету;
2.Дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту. 3.Тәрбиелік: еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру;
Сабақтың міндеті: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, сызғыш,суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады.

Досың солар табылатын қасыңнан

  1. Үй тапсырмасын тексеру Ұзындығы – 5 см Ені - ? 2 см-ге қысқа Р-? S-? Ені=5см – 2см=3см Р=(5см+3см)* 2=5см*2+3см*2=16см S=5см*3см=15см2

- Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз?

- Қабырғаларының ұзындықтарының қосамыз.

- Ауданды қалай есептейміз?

- Ұзындығын еніне көбейтеміз.

ә. – Тік төртбұрыштың периметрін есептегенде көбейтудің қандай қасиетін пайдаландық? (көбейтудің үлестірімділік қасиеті)

- Тік төртбұрыштың ауданын есептегенде көбейтудің қандай қасиетін пайдаланамыз?(ауыстырымдылық қасиеті)

- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті кандай қасиет?

-Көбейтудің терімділік қасиеті деп қандай қасиетін айтамыз?

-Көбейтудің қосуға қатысты қандай үлестірімділік қасиетін білеміз?

Көбейтудің қасиеттерін қорытындылап кету.



  1. Жаңа сабақ

Ойын «Не артық?»

Метр Сантиметр Километр Дециметр Минут

-Ұзындықтың бірліктері (минут артық)

-Ұзындықтың ең үлкен бірлігі (километр)

-Ең кіші бірлігі(сантиметр)

-Біз бүгін ұзындықтың ең кіші өлшем бірлігі – миллиметрмен танысамыз

Дәптермен жұмыс: Тақырыппен таныстыру

Қаңтардың он тоғызы

Сынып жұмысы

Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындықтың бірліктерінің арақатынасы

1. 1см және 1дм кесінділер сызғызу

-сендер осы тапсырманы қандай құралдың көмегімен орындадыңдар? (сызғыш)

-0-ден –ге дейін неше бөлік? (10бөлік)

-1-ден 2-ге дейін ше? (10бөлік)

-2-ден 3-ке дейін ше? (10бөлік)

Бір кіші бөліктен екіншісіне дейінгі арақашықтықты миллиметр деп атайды.

Миллиметр (мм) – ұзындықтың сантиметрден кіші өлшем бірлігі.

Слайд?


2. а)Көп нүктенің орнына тиісті санды жазғызу:

1см=10мм 1дм= 10см=100мм

1м=10дм 1м=100см=1000мм

Слайд. Есте сақта!

ә) Амалдарды орындату:

4дм 1 см+8см 5мм=4дм 9см 5мм

3м-2дм 4см=2м 7дм 6см

6м 2дм 3см+12м 61см=18м 2дм 64см

5м-3м 23см=1м 77см

8дм 1см-2см 5мм=7дм 8см 5мм

4дм 8см 4мм + 47мм=4дм 8см 51мм

3дм 89мм + 4м 2мм=4м 3дм 91мм

3. Бұл өте қызық!


  • Калимбри – 5см 7мм,кесінді сызғызу

  • Бөлме шыбыны – 6-8 мм, сызғыштан көрсету

  • Маса – 4-14мм, сызғыштан көрсету

Слайд. Калимбри, шыбын, маса – суреттері

4. Слайд.

а)Біздің шашымыз 3 күнде 1 мм –ге өседі.

Шаш неше күнде 6 мм –ге өседі?

ә)Оқулықтың қалыңдығын өлше.

Миллиметрмен айту.

Слайд. Санның квадраты деп нені айтамыз?

Санның кубы дегеніміз не?

«Кім жылдам?» - ойыны

82; 42; 92; 72; 02; 13; 33; 53.

5. Егер мүмкін болса, өрнектердегі көбейтінділерді көбейткіштің квадратымен немесе кубымен алмастыру.

4*4+4=42 + 4 4*3+4 4+4+4 3*4+4

8*8*8=83 8*2-8 2*2*2-8=23 – 8 8+8*8=8+82

6. Теңдеулерді шешу

с*6=360 360:а=60 х:6=60

7*а=490 490:а=70 с:7=70



Бекіту: - Біз бүгін немен таныстық?(миллиметр)

-Миллиметр ұзындықтың қандай өлшем бірлігі? (ең кіші)

-1 сантиметрде қанша миллиметр бар? (10 миллиметр)

- Миллиметр қандай мағынаны білдіреді? (метрдің мыңнан бірі)

-Онда алған білімімізді тест арқылы тексеріп көрейік

Тест алу

Үйге тапсырма: №6,8, 16-17 бет

Бағалау

Тест
1. 5 дм- де қанша миллиметр бар? а) 500мм ә) 50мм б) 5000мм в) 5мм

2. 2 дм 7 см – ді миллиметрмен өрнекте: а)207мм           ә)270мм              б) 2700мм         в)2070мм

3. 1000 - 651=?
а) 349 ә) 439 б) 339 в) 449
4. 269+409=?
а) 778 ә) 678 б) 668 в) 679
5. Бір кітап 25 теңге тұрса, 3 кітап неше теңге тұрады?
а) 50 тг ә) 100 тг б) 75 тг в) 125тг.
6. (а + 125) – 100 мұндағы а = 225 болса, өрнектің мәні нешеге тең?
а) 150 ә) 250 б) 50 в) 125

7.Ұзындығы 10 м, ені 5м тіктөртбұрыштың ауданын есепте.

а) 50м² ә) 30м² б) 50м в)20м2

8. 43 нешеге тең ?

а) 60 ә) 64 б) 16 в)12

9. Қабырғасының ұзындығы 5 см болатын шаршының периметрін тап.


а) 25 см ә) 20 см б) 10 см в) 40 см

10. 72 нешеге тең?

а)14 ә)49 б)12 в)24


Аты – жөні: ------------------------------------------------

Сыныбы:------------------------------------

№167 жалпы білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Математика

Тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы.

Сыныбы: 3«ә»



Мұғалімі: Бабашева Г.О.

Алматы қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет