Сабақтың тақырыбы:Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
Сабақтың мақсаты:
1.Өндіріске металл құрал-саймандардың енуі,қоладан жасалған еңбек құралдарына көшу,Андрон мәдениеті,андрондықтардың шаруашылығы,кәсібі,баспаналары,қоғамдық құрылысы туралы әңгімелеу.
2.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру.
3.Өз ойын толықтай қорытып айта алатын,саналы тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО тех-ң әдістері.
Көрнекілігі:Карта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ
Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алады.Бұл дәуірде адамдар металл өңдеуді игерді.Ал өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды,шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды.Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта басталған.Қола дәуірі б.з.б. 2800-900 жыл аралығын қамтиды.Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын біртіндеп ығыстырды.Бұл кезең тарихта қола дәуірі деп аталды.
Жаңа тақырыпты игеру үшін топтарға тапсырмалар беру.
І-топ:Қола дәуіріндегі Еуразия даласындағы мәдениет
ІІ-топ:Қоладан жасалған бұйымдар
ІІІ-топ:Андрон мәдениеті
Постер қорғау
Картамен жұмыс.Картадан Қазақстан жеріндегі қола мәдениеті кездесетін жерлерді табу.
Бекіту. Тарихи диктант
Бағалау. Оқушылардың білімін саралап,тиісті бағасын қою.
Үйге тапсырма: Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
Достарыңызбен бөлісу: |