Сабақтың тақырыбы:Әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата11.01.2017
өлшемі32,66 Kb.
#6818
Сабақтың тақырыбы:Әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Мәтін туралы түсінікті кеңейту. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша сөйлем құрастыруға дағдыландыру.

Дамытушылық:Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:тақырыптық суреттер т.б.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі қазақ тілі сабағын сендерге мен өткіземін, аты-жөнім - Әйкен Гүлжанат Мұғалімбекқызы.

Психологиялық дайындық.

- Балалар, кімнің көңіл күйі өте жақсы? (орнынан тұрып үш рет шапалақтау)

- Ал, кімнің көңіл күйі нашар? (орнынан тұрып екі рет шапалақтау)

- Кім сабаққа дайын? (орнынан тұрып бір рет шапалақтау)

-Жарайсыңдар! Бүгінгі сабаққа барлықтарың дайындалып келіпсіңдер.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

- Балалар, қазір біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманда қандай аңдар бар?

- Осы аңдардың балалары жоғалып кетіпті. Сендер оларға өздерінің аналарын табуға көмектесесіңдер ме? (оқушылар жауабы)Олай болса, мына аңдардың артында берілген тапсырмаларды орындайық. (өткен тақырып бойынша сұрақтар қою)

- Жарайсыңдар! Сендер аңдардың аналарын табуына көмектестіңдер.



ІІІ. Жаңа сабақ.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау».

- Мәтін дегеніміз не?

- Мәтіннің неше түрі бар?

- Оларды қалай ажыратуға болады?

- Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

- Оны қалай ажыратуға болады?

- Балалар, бұл қандай аң? (тиін)

-Тиін қандай аң?

- Ол немен қоректенеді?

- Балалар, тиінге өз қорегін табуға көмектесесіңдер ме?

- Тиінге көмектесу үшін 1-жаттығуды орындайық.



ІV. Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Екі мәтінді салыстырып оқы. Қандай айырмашылықты байқадың?

- Бірінші мәтінде не жайында айтылған?

- Мәтіннің қай түріне жатады?

- Екінші мәтін не туралы?

- Ол мәтіннің қай түріне жатады?

- Айырмашылығы неде?

- Жарайсыңдар! Сендер тиінге көмектестіңдер. Ол сендерге өзінің алғысын білдіріп жатыр. (стикер тарату)



V.Дәптермен жұмыс.

- Күнді,сабақ тақырыбын жазамыз.Балалар, оқулықтың 29 бетіндегі 4-жаттығуды орындайық.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.



Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып аламыз.

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

VІ.Сабақты пысықтау: - Орманда қандай қорқақ аңдар бар?

- Оларға сендердің көмектерің керек. Сендер оларға қорықпауға көмектесесіңдер ме? Олай болса 3-жаттығуды орындайық.

- Мәтінді оқып, көшіріп жаз.

- Пайымдау мәтінін білдіретін сөйлемді тап. Мәтінді әңгімелеу мәтініне айналдырып, көшіріп жаз.



VІІ.Бекіту. Балалар, қазір біз «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. (қатар бойынша жарыстыру)

Ол үшін 2-жаттығуды орындаймыз.

Бірінші қатар-әңгімелеу

Екінші қатар- пайымдау

Үшінші қатар- сипаттау мәтіндерін теріп табу.

Қай қатар бірінші бітсе сол топқа сыйлық беріледі.



VІІІ.Қорытынды.

- Балалар, біз бүгін қандай тақырып өттік?

- Не білдіңдер?

-Сабақ сендерге ұнады ма?



IX. Үй тапсырмасы: 5-жаттығу 29 беттегі

X. Бағалау. Сабаққа белсен қатысқан оқушыларды бағалау.


Каталог: uploads -> doc -> 134e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
134e -> Сабақтың тақырыбы Ы. Алтынсарин.
134e -> Қаласы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет