Сабақтың тақырыбы:Қосмекенділерге сипаттама Сабақ жоспары Бекітемін



Дата30.05.2017
өлшемі60,26 Kb.
#17264
түріСабақ
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жұпарбаев Тұрсынбек Нақыпбекұлы



Сабақтың тақырыбы:Қосмекенділерге сипаттама

Сабақ жоспары

Бекітемін

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б Оразгелдиева



1.Мектеп

№ 52

2.Пәні:

Биология

3.Күні:

14.02..2017

4.Сынып:

7 А

5.Мұғалімнің аты жөні:

Жұпарбаев Т

6.Сабаққа қатысқандар саны:




7.Сабаққа қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

§ 44.Қосмекенділерге жалпы сипаттама

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

(Оқу бағдарламасына сілтеме)



1. Оқушылар қосмекенділер класымен толық танысады;


Сабақ мақсаттары:

1.Барлық оқушылар:

Оқушылар қосмекенділер класын толық сипаттай алады;



2.Көптеген оқушылар:

1.Қосмекенділер сыртқы және ішкі құрылысын түсіндіре алады;

.


3.Кейбір оқушылар:

1. Қызықты материалдарды тауып, салыстырады.

2. Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін бейнетаспа және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтырады, шыңдайды.

3. Бір-бірлерінің жауабын тыңдайды,қателерін түзетеді.



Бағалау критериийлері:

Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Құндылықтарды дамыту:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыру.

— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің артуы.

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрету және оны дамыту.

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.




Пән аралық байланыстар

Биология, Георафия ,Экология ,Химия

АКТ-ны қолдану дағдылары

Видео роликтер көрсетілім

Бастапқы білім

Миға шабул

1.Балықтардың қандай түрін білесіңдер?

2.Балықтарда қандай витаминдер бар?

3.Жергілікті жердегі балықтарды атаңдар?



Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Тыңдалым

2.Айтылым


Қосмекенділердің негізгі ерекшеліктерін, сыртқы және ішкі құрылысын, дене мүшелерін,тіршілік әрекеттерін сипаттай алады. Мүшелер жүйесінің қызметтері мен сезім мүшелерінің бақа тіршілігіндегі маңызын түсінеді. Қосмекенділердің маңызын түсініп, қорғау шараларымен танысады. 
Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доға омыртқалылар, жұқаомыртқалылар 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 
4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады. Қарыншада артерия және вена қандары араласады. Алдыңғы мидың 2 жарты шар күмбезінде жүйке клеткаларының жиынтығы болады. Зәр бөлу жүйесі мезонефростық (дене бүйрегі) типке жатады. Денесінің ұзындығы 2 – 3 см-ден 1,8 м дейін жетеді. Терісі жұмсақ, жалаңаш денесі шырыш бездері бөлетін шырыштан дымқылданып тұрады. Тіршілігіне қажетті оттектің едәуір бөлігін терісі арқылы сіңіреді. Көпшілік қосмекенділердің сероз бездері бар, ол кейбір тропиктік түрлерінде өте улы келеді. Балықтардан айырмашылығы тері бездері ірі, көп клеткалы болады. Ересек қосмекенділер негізінен жәндіктермен, ал дернәсілдері су өсімдіктерімен де қоректенеді. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі кездеседі, оның 3 түрі жетісу аяқтыбалығы, даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Қазақстанның “Қызыл кітабына” тіркелген. 

Таратпа

Қағаздар

Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы

3.Жазылым



Балықтар

Ұқсастығы

Қосмекенділер













Таратпа қағаздар

Постер
Кесте





Сабақтың соңы

Оқылым



Балықтар Қосмекенділер 

1. Тері жабынында мүйізді түзілістер болмайды. 
2. Терісінің сырты қабыршақтармен қапталған. 
3. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбеқанаттары бар. 
4. Жүрегі үш қуысты. 
5. Бір ғана қанайналым шеңбері бар. 
6. Мишығы нашар дамыған. 
7. Ортада болған. 
8. Есту мүшесі тек тек ішкі құлақтан тұрады. 
9. Екі қанайналым шеңбері бар. 
10. Жүрегі екі қуысты. 
11. Қанайналым жүйесі -тұйық. 
12. Терісі арқылы тыныс алады. 
13. Дернәсілдері тек желбезектері арқылы тыныс алады. 
14. Су ағыстарының бағытын, күшін сезетін бүйір сызығы бар. 

Дұрыс жауаптар кілті



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет