4 сынып
Сабақтың такырыбы: «Бейбітшілік қаласы»
Сабақтың мақсаты:
1.Елордасы Астана туралы жан- жақты білімдерін кеңейту,тереңдету, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.Жалпы және жалқы есімдерді ажырата білуге дағдыландыру.
2.Тіл дамыту, ойлай, сөйлеу,қисынды ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Іздендіру, тапқырлық,шығармашылық қасиеттерін дамыту.
3.Өз Отаның халқын,жерін сүйюге,Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттер,карта.
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезені
а)амандасып,оқушыларды түгендеу.
ә)тіл жаттықтыру:
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Бүгін сыныпта мен кезекшімін.
- Сыныпта кім жоқ?
-Сабаққа бәрілерін дайынсыңдар ма, көңіл-күйлерін жақсы ма?
-Жақсы, ендеше сабақты бастап, өздеріне бағыт беріндер.
Мен үлгілі оқушымын.
Мен әдепті оқушымын
Мұғалімді ықыласпен тыңдаймын.
Қазақша көп сөз жаттаймын.
-Жақсы, кәнеки кішкене сөлесейік.Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар ұпай ретінде «Сиқырлы сандықтан» кәмпит алады.
-Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Қазақстанның елбасы кім?
-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
-Қазақстанның рәміздеріне не жатады?
-Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақстан неше аймаққа бөлінеді?
-Қазақстанда неше облыс бар?
-Қазақстанның табиғаты қандай?
-Қазақстанда қандай ірі қалалар бар?
-Ал біздің туған жеріміз қай қала?
-Өткен сабақта бізде қандай тақырып болды?
- Ал грамматикалық қандай тақырып болды?
-Қазақ тілі сабағына біз қандай мақсаттар қоямыз?
2.Ұй жұмысын тексеру
-Жақсы, үйге қандай тапсырмалар берілді?
1-деңгей-сөздер жаттау,
2-деңгей- сөздер жаттау,сұрақтарға жауап беру,
3 –деңгей – сөздер жаттау, сұрақтарға жауап беру және Астана туралы тақпақ жаттау .
-Үй тапсырмасын тексерейік. ІІІ және ІІ-деңгейді интерактивтік тақта бойынша тексереміз. (флипчарт 1)
-Ал екінші деңгей сұрақтарға жауап береді (флипчарт 2)
-Жақсы, Астана туралы тақпақты кім жаттады?
-Жақсы, рахмет! Астана туралы жақсы өлеңдер, тақпақтар тыңдадық. Сендерге «ұпай» ұсынамын.
3.Өткенді қайталау
-Рахмет, ал енді өткен грамматикалық тақырыптарды еске түсіріп кетейік.
-Балалар қандай сөйлем түрлерін білесіндер?
-Балалар, тақтадағы сөйлемге қарандаршы. («Жазда мен Астанаға бардым.») Бұл қандай сөйлем?Ал енді осы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырайық.
-Жақсы, ал енді интерактивтік тақтаға қарандаршы. Қандай грамматикалық тақырып еске түсті?
- Тапсырмаларды орындап көрейік .(флипчарт 3)
-Жақсы, сендер Есіл өзенің тәуелдедіндер.
-Есіл өзені қай қалада қала бойында ағады?
-Дұрыс, ендеше, біз де бүгін сабақта Астана қаласы туралы айтамыз.
4.Жаңа сабаққа шығу
- Балалар, кәнеки, бірге ой бөлісейікші, «Астана» дегенде сендерге қандай ассоциациялар келеді? Ауызша кластер құрастырайық: (флипчарт 4)
Астана
-Жақсы, ал маған келетін ассоциация ол –«Бейбітшілік қаласы»
-Иә, балалар, Боливиа қаласында «Әлемдік қалалар» атты конкурс өтті.Сол конкурста Астана «Бейбітшілік қаласы» деген атақ алды. Бүгінгі да біздің сабақтың тақырыбымыз. «Бейбітшілік қаласы»
-Ендеше дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күнді, және тақырыпты жазайық.
-Балалар, бүгін бізде саяхат –сабақ.Біз бүгін Астана қаласына саяхатқа барамыз.
-Кім саяхатқа барғысы келеді?
- Мен сендерге Астана қаласына билет сатып алдым. Билеттерді сендерге таратамын.(Оқушыларға буклет таратып, тапсырмаларды түсіндіру)
Сөздікпен танысайық.
а) Сөздерді хормен оқу.
б) Жеке жеке айтқызу.
с) Жеңіл және қиын сөздерді табу
д ) зат есімге жататын сөздер: ....
е) Сөз тіркестер немесе сөйлем құрастыру.
-Сөздікпен таныстық, ал енді,балалар, мәтінді тыңдайық.Мәтін билеттеріңізде жазылған.
Тыңдалым . (интерактивтік тақтада) (Флипчарт 5)
Оқылым. Оқушылар мәтінді оқиды.
Тілдесім:
Сұрақтар:
-Мәтін қай қала туралы?
-Астана қаласы қандай атаққа ие болды?
-Астанада қандай керемет туындылар бар?
-«Бәйтерек монументінің биіктігі неше метр?
-«Бәйтерек монументің жобалаған кім?
-«Достық пен келісім» сарайын жобалаған кім?
-«Достық пен келісім» сарайының ені және ұзындығы неше метр?
-Астанада қандай ойын-сауық кешендері бар?
-Астананың кереметіне не жатады?
-«Астана біздің мақтанышымыз» сөйлемін орыс тіліне кім аударады?
- Ал қазір, балалар осы Бейбітшілік қаласы туралы бейне фильм көрейік.
-Бейнефильм ұнады ма?
-Ол не туралы?
5.Топпен жұмыс
-Ал енді саяхатқа жөнелейік.
-Астана қаласына бару үшін сендер топ- топпен жұмыс істеулерін қажет.
І топ-«Дарын тобы».
ІІ топ- «Жұлдыздар тобы».
ІІІ топ –«Жас ұлан» тобы
Тақтада әр топқа арналған Астана қаласының картасы ілулі тұр.Карталарда біздің маршрутымыз көрсетілген.Астананың көркем жерлеріне жету үшін біз сол тапсырмаларды рет ретімен орындауымыз керек.1-ші тапсырмаларымызды орындасақ, біз «Бәйтерекке» жетеміз. Ал, балалар, сәттілік тілеймін!
1топтын тапсырмасы : берілген сөздерден сөйлем құрастыру. (Сөздер:бейбітшілік, қаласында, біздің ,елбасымыз, Нұрсұлтан, Әбішұлы, Назарбаев, тұрады).
2 топтың тапсырмасы: -мәтіннен жалқы есімдерді табу.
3топтың тапсырмасы: (мұғаліммен жұмыс). «Дұрыс- бұрыс» ойыны (Балаларға дұрыс, бұрыс сөздері таратылады.)
1.Астанада «Медео» мұз айдыны бар.(бұрыс)
2.Қазақстанның туының түсі-қызыл. (бұрыс)
3.Астана, Қарағанды,Өскемен, бұл таулар.(бұрыс)
4.Қазақстанның мемлекеттік тілі- қазақ тілі.( дұрыс)
5.Астанада «Бәйтерек монументі бар.(дұрыс)
6.Павлодарда Есіл өзені ағады.(бұрыс)
-Жақсы, «Бәйтерекке» бәріміз жеттік. Келесі аялдама «Думан»
-Думан қандай кешен?
-Ойын- сауық кешені.
-Дұрыс, бәріміз, демалайық.
Сергіту сәті («Қара жорға»)(бейне фильм) 1-2 мин
-Келесі аялдама - «Пирамида» ғимараты. Оған кіру үшін әр топ өз тапсырмаларын орындайды.
1 топқа:Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2 топқа: Сурет бойынша диалог құрастыру.
3 топқа: Астана, Бәйтерек сөздерін «Қарлы кесек» ойыны арқылы өсіру
Келесі маршрутіміз - «Хан шатыр». Хан шатырға кіру үшін келесі тапсырмаларды орындаңдар:
1тапсырма: «Бейбітшілік қаласы» деген тақырыбына ватманға сурет салып, қорғаңыздар
2 тапсырма: «Бейбітшілік қаласы» деген тақырыбына ватманға сурет салып, қорғаңыздар
3 тапсырма: «Бейбітшілік қаласы» деген тақырыбына ватманға сурет салып, қорғаңыздар
6. Сабақтың қорытындысы:
-Сабақта не істедік?
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Нені менгердік, нені білдік?
7. Бағалау (тест арқылы)
8. Үйге тапсырма беру. (буклетте жазылған)
Достарыңызбен бөлісу: |