- Интеграция тұрақты білімдік кеңістікке балаларды кіріктіруге бағытталған күш ретіндегі маңызы қандай?
ІV. Жаңа білімді хабарлау
Кіріспе әңгіме
Тақырыбы: Кіріктіріп оқытудың формалары және түрлері Жоспары: 1.Интеграция тұрақты білімдік кеңістікке балаларды кіріктіруге бағытталған күш ретінде.
2.Инклюзивті білім берудің моделі, формалары мен түрлері.
3.Кіріктіріп оқытудың түрлері: әлеуметтік-білімдік; аралас; толық; жартылай; уақытша.
Сабақ жоспары бойынша дәріс материалын түсіндіру (материал тіркемеде берілген).
V. Бірінші бекіту кезеңі
Кестемен жұмыс
Кесте 1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы кіріктірудің түрлері мен сипаттамасы
Глосариймен жұмыс
Әлеуметтік-білімдік – бұл
1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады.
2) жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді.
3) уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі.
4) толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады.