Диендік көмірсутектердің формуласын жазып үйрету,физикалық, химиялық қасиеттерін түсіндіру қолдану салаларын, табиғи каучук құрылысы қасиетін қолданылуын оқушыларға түсіндіру
Тәрбиелік:
Өздігінен талдауға, салыстыруға қорытынды шығаруға, қорытындысын жасауға жаттықтыру
Дамытушылық:
Диендік көмірсутектердің құрылысы мен құрамы туралы түсініктерін, ғылыми дүниетанымын тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, табиғи өнімдіердің пайдасы мен зиянынтүсіндіру
Кәсібилік
Ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістері мен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру
диендік көмірсутектердің құрылымыдық формулаларын жаза алуы; алкадиендердің изомерлерінің формуласын жаза алуы; Номенклатура бойынша формулаларды айта алуы; Дайын атау бойынша формулалар құрастыра алуы
Пәнаралық байланыс:
Биология, физика,экология, медицина,биохимия
ІІ БЛОК «Сабақтың жабдықталуы»
Көрнекі құралдар
Диендік көмірсутектердің гомологтық қатары, кестелер,тірек - сызбалар Бутадиен молекуласының моделі,19- сурет Вулканизацияланған каучуктың құрылыс сызбанұсқасы
Электронды оқулық, Интерактивті тақта, магниттік тақта, теледидар, т.б. (ашық сабақтарда) Тақта, электрондық оқулық
Ақпараттық қор
Негізгі және қосымша (әдебиеттер)
№3 ОӘК Әдебиеттер тізімі
Сабақтың технологиясы мен әдістері:
Дамыта оқыту, проблемалық оқыту технологиясы, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап әдісі, баяндау әдісі, СТО әдістерін пайдалану, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, интерактивті әдістер: түсіндіре-баяндау, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, талдау, ақпарат беру, сөздік әдістері;
Оқу - әдістемелік кешен
№3 Оқу әдістемелік кешен
ІІІ БЛОК «Сабақ мазмұны»
Өткізу технологиясы
Оқытушы іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
I.Оқ іс-әрекетінің мотивациясы (2 мин)
Мақсаты: Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту
1. Алкадиендер – молекулаларында екі қос байланыс С=С болатын қанықпаған көмірсутектер.Алкадиендердің жалпы формуласы: СnН2n-2
Мысалы;
5 4 3 2 1
СН3-СН2 –СН =С=СН2 пентадиен – 1,2
5 4 3 2 1
СН2=СН –СН2 -СН=СН2 пентадиен – 1,4
5 4 3 2 1
СН2=СН–СН =СН2 бутадиен – 1,3 (дивинил)
Химиялық қасиеттері: молекуласында қос байланыстары болғандықтан, диен көмірсутектер қосып алу реакцияларына кіріседі мысалы бромдв түссіздендіреді, галогенсутектерді қосып алады.
СН2 =СН – СН =СН2+ Br СН2 –СН –СН – СН2
। ।
Br Br
2. Табиғи каучукты кейбір өсімдіктердің көбінесе гевея деп аталатын өсімдіктің сүтті шырынынан алады.Гевея өсімдігінің отаны – Бразилия
Гевея ағашын каучук алу үшін оның қабығын кертіп тіледі.Сол тіліктен шығатын сүтті шырын – каучуктың коллоидты ерітіндісі, осы ерітіндіні жинап алады. Бұдан кейін ерітіндіні электриотпен әсер етіп немесе өыздырып коагуляциялайды. Осындай коагуляцияның нәтижесінде каучук бөлініп шығады. Каучуктың аса маңызды қасиеті – оның майысқақтығы, яғни сыртқы күштің әсерінен өңің пішінін өзгерте алуы созылып ұзаруы сығылуы кейін қайта қалпына келуі.
Каучукты фулканизациялау: Табиғи каучуктар мен синтетикалық каучуктар көбінесе резеңке түрінде пайдаланылады, өйткені резеңке берік те төзімді оның созылғыштығы жақсы және бақа бірқатар бағалы қасиеттері болады.Резеңке алу үшін каучукты вулканизациялайды.
Кестемен жұмыс.
Оқушылар өткен тақырыпты бір – бірімен салыстырады
Алкандар
ерекшеллігі
алкендер
Құрылысы
Байланыс түрі
Гомологттық қатары
Физиклық қасиеті
Аталуы
Изомериясы
Химиялық қасиеті
Мына формулада қанша диен көиірсутектертері өрнектелген