Сабақтың типі:. аралас сабақ Білім беру мақсаты: Ішекқуыстылардың жалпы сипаттамасы білуі керек



Дата18.06.2017
өлшемі234,16 Kb.
#19263
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы.

Сабақтың типі:. аралас сабақ

Білім беру мақсаты: Ішекқуыстылардың жалпы сипаттамасы білуі керек.

Тәрбие беру мақсаты: ғылыми дүниетанымдық тәрбие беру.

Дамытушылық мақсаты: Функционалдық сауаттылығын дамыту.
Табыс критерийлері: Күтілетін нәтижелер сипаттамасы:
С деңгей ішекқуыстылардың жалпы сипаттамасын біледі;

В деңгей С нәтижелеріне қоса: тұщы су гидрасының сыртқы құрылысын, гидраның қоректенуін,тыныс алуын, тітіркенгіштігін түсіндіре алады;

А деңгей В,С нәтижелерімен гидраның күрделенуіне баға береді.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды түгендеу, себебін анықтау, оқу құралдарын тексеру;

  • Топқа бөлу үшін қарапайымдар типінің үш класының өкілдерінің атаулары беріледі. Олар өз топтарын тауып алуы керек.

ІІ. Өткенді қайталау арқылы білімді актуальдандыру.

«Көпір» ойыны:

  1. Паразит қарапайымдарды ата?

  2. Лямблиоз, ұйқы ауруы қандай аурулар?

  3. Безгек паразитін ашқан ғалым кім?

  4. Қарапайымдар типінің кластарын ата?

  5. Жасыл эвгленанаың қоректену ерекшелігі қандай?

  6. Безгек паразитінен сақтану шаралары қандай?

  7. Безгек паразиті нені зақымдайды?


ІІІ. Мотивация «Қызығушылықты ояту» кезеңі табыс критерийлерімен

таныстыру, « Гидра» бейнеролигі көрсетілімі.


ІУ. Жаңа тақырып өту. «Мағынаны тану» кезеңдері :
«Білу» деңгейі ( Оқулықпен өзіндік жұмыс ұйымдастырылады )

Әр топтағы 4 оқушы нөмірленіп тақырыпшалар үлестіреді. Тақырыпшаны оқып шығып, мазмұндайды. Таратпа материалдан тапсырмалар орындайды:


1 тапсырма Ішекқуыстылардың кластарын ата


Ішекқуыстылар типі




«Түсіну» деңгейі 2 тапсырма Гидра бөліктерін тауып, атауларын жаз:



1 – ----------------------------------------------------------------------------------

2 - -----------------------------------------------------------------------------------

3 - -----------------------------------------------------------------------------------

4 - -----------------------------------------------------------------------------------

5 - -----------------------------------------------------------------------------------

6 - -----------------------------------------------------------------------------------
«Қолдану» деңгейі Ішекқуыстылардың сәйкес ерекшелігін кестеге

толтыр:


Гидроидтар


Сцифоидтар

Полиптер













  1. Әк «қаңқаларымен» қапталған үлкен үйінділер түзеді.

  2. Еркін жүзіп жүреді.

  3. Су астында жартастар түзеді.

  4. Аз қозғалады.

  5. Денесінің пішіні төңкерілген табақ тәрізді.

  6. Денесінің пішіні сабақ тәрізді.

  7. Қаңқаларының бір жерге жиналуынан шеңберлі жартас- атолл түзіледі.

  8. Судың сығылуы нәтижесінде алға қарай жылжу тәсілімен қозғалады.

  9. Қозғалыссыз өмір сүреді.

  10. Теңізде болатын дауылдарды күні бұрын сезеді.

  11. Қозғалыссыз тіршілік етеді.


У. Кері байланыс «Ой-толғау» арқылы «Бағалау»

Әр топ «Гидра» тақырыбында постер қорғайды, шығармашылық өнімдерін ұсынады. Қорғаушы топты басқа топтар критерий бойынша бағалайды.


УІ. Рефлексия кезеңі

- Маған сабақтан қандай көңіл-күймен шықтым? Стикерге жазып ойын айту.


УІІ. Үйге тапсырма

§ 41, 99-суретті салу.


УІІІ. Бағалау топ лидерінің бағалау парақшасы бойынша жүргізіледі:



Ф.А.

«Көпір»

мазмұндау

кесте толтыру

постер құру

жалпы




















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет