Қосымша жаңа ақпараттар:
Өсімдіктерді қалай ажыратасың?
Өсімдіктердің мүшелері әртүрлі болады. Яғни өсімдіктердің алуан түрлі екенін олардың мүшелерінің ерекшеліктерінен ажыратуға болады. Ондай ерекшеліктері мыналар: сабақтары жуан,жіңішке,қатты,жұмсақ,біреу немесе көп,ал жапырағы жалпақ,күрделі жапырақты болады.
Өсімдіктер-қоректену тізбегінің бірінші бөлігі
Өсімдіктер-қоректену тізбегінің бірінші бөлігі,оның негізі. Қоректену тізбегі дегеніміз-барлық тіршілік атаулының бір-бірін қоректендіргіш заттармен және энергиямен қамтамасыз етуі. Өсімдіктер көптеген жануарлардың қорегі болып табылады.Жыртқыш аңдар өсімдік қоректі жануарлармен қоректенеді.Ұсақ жануарлар мен микроорганизмдерге жануарлардың нәжістері және өлекселері қорек болады. Шіріген қалдықтар топырақты құнарландырады.Құнарланған топырақта өсімдік жақсы өседі.Осылайша тізбек қайталана береді.
Достарыңызбен бөлісу: |