Тақырыбы: «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті»
педагогтармен тренинг
Мақсаты: педагогикалық ұжымды жұмылдыру, мұғалімдердің шығармашылық жұмысқа деген белсенділіктерін арттыру.
Міндеттері: эмоционалдық ауыртпалықтан арылту, шығармашылық жұмысқа дайындыққа икемдеу,өзінің кәсіби рөлін сезіну, жалпы міндеттерді шешудегі педагогикалық ұжым мүшелерінің өзара әрекет дағдыларын бекіту.
Барысы:
І. Қызығушылықты ояту
1- жүргізуші: Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты, әрі қажет болады деген сенімдеміз. Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өз ойымызды еркін айтуға атсалысамыз. Слайдқа назар аударайық .
Слайдтан суреттер көрсетіледі. /Мұғалім бейнесі /Бетховеннің шығармасының әуенімен/
Енді «Мен үшін «мектеп» сөзі нені ұқтырады?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.
2- жүргізуші. Қазір мен сіздерден көп ойланбастан осы сұраққа жауап берулеріңізді өтінемін. Ойларыңызға алғаш келген жауапты беріңіздер.
Мысалы: «Мектеп мен үшін-менің кәсіби мүмкіндіктерімнің іске асуы».
Достарыңызбен бөлісу: |