Сабақтың типі: білік пен дағдыларын пысықтау. Сабақтың әдісі: практикалық сабақ; диалогтік



Дата24.05.2017
өлшемі47,2 Kb.
#16891
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Етістік тақырыбын пысықтау.

Сабақтың міндеттері: білімділік – етістік туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтап жинақтау; дамытушылық - көктем тақырыбы бойынша оқушылардың тілдерін дамыту; сөздік қорларын молайту, етістіктің жасалу жолдарын меңгерту; тәрбиелік - өз ойын жеткізе білугеүйрету, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыларын пысықтау.

Сабақтың әдісі: практикалық сабақ; диалогтік.

Технология лар: жобалау, блоктық, дамыта оқыту.

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, семантикалық карта, тестік тапсырмалар, үлестірмелі қағаздар, тірек сызба.

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Көктем» өлеңі, Эллида.



  • Балалар, өлең не туралы?

  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер байқалады?

  • Адамдар туралы не айта аласыңдар?

  • Жан-жануарлар ше?

Ендеше, бүгінгі сабаққа сендер «Көктем көрінісі» атты әңгіме құрап келу керексіңдер еді.
2. Үй жұмысын тексеру. Оқушылар әңгімелері.

Бой сергіту.

- Енді балалар, сәл сергіп алайық. Сөздердге көптік жалғау жалғаңдар

Ағаш – ағаштар

Кітап – кітаптар

Адам – адамдар

Жас – жастар

Терезе – терезелер

Кеме – кемелер

Кесе - кеселер

Жаңа - ...

Зат есімнен етістік жасаңдар.

Шеге – шегеле

Сөз – сөйле

Бас – баста

Ойын – ойна

Жыр – жырла

Аяқ – аяқта

Сыр – сырла

Сағат - ...



3. Етістік туралы білгендерін қайталау

- Етістік туралы не білесіңдер? Тірек сызбаны толтыру.


4. Мәтінмен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқу.

Құрылған мәтінді 2-3 балаға оқыту. Не туралы мәтін? Бір-біріне сұрақ қойып көріңдер.

Сөздік жұмысы.

сай – сала балки и овраги


бүршік жарады набухают почки
бәйшешек подснежник
мұздары бұзылады лед трогается
шаруа жұмыстары работа по хозяйству
Мәтінді, етістіктерін өткен шаққа қойып, көшіріп жазыңдар.

Бізде көктем туралы тағы екі өлең бар, кезек өлеңге берейік. Наурыз мерекесі қашан тойланады? Қалай тойланады? Сонымен, көктем ұлыстың ұлы күнімен және ерешеленеді екен.


5. Сәйкестендіру. Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастыр

Өсімдіктер гүлдейді қыста
Жаңбыр жауады күзде
Қар жауады жазда
Жеміс-жидек піседі көктемде
6. Гүлдейді сөзіне морфологиялық талдау жасау.
Сергіту сәті. Сөздерді тұйық етістікке айналдырыңдар

Жаз – жазу

Айт – айту

Бар – бару

Қыдыр – қыдыру

Жама - ... жамау

Қара – қарау

Айқайла – айқайлау

Жырла - жырлау

Арала – аралау

Келіс – келісу

7. Семантикалық картамен жұмыс


Сөздер

Осы шақ

өткен шақ

Келер шақ

Отырмады










Жазып отыр










Барды










Келмекші










Оқыған едік










Келесіңдер










Барғанмын










Келіп отыр










Көрген емес






















8. Тестік тапсырма.

1. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

А) кім ? Ә) қашан? Б) не істеді? қайтты? В) қандай? Қай?



2. Етістіктің неше шақ категориясы нешег бөлінеді?

А) 2 Ә) 3 Б) 5 В) 4



3. Осы шақтағы етістікті көрсет.

А) оқып отырмын Ә) келемін Б) бардым В) айтамын



4. «Условное наклонение» қалай аударылады?

А) ашық рай Ә) шартты рай Б) қалау рай В) бұйрық рай



5. ІІІ жақтағы етістікті тап.

А) оқисың Ә) бардық Б) кестім В) сұрады



6. Шартты рай қандай жұрнақ арқылы байланысады?

А) –а, -е Ә) –сын, -сін Б) –лар, -лер В) –са, -се



7. «Будущее время» сөзін аудар.

А) өткен шақ Ә) келер шақ Б) осы шақ В) шартты рай



8. Сөйлемді аяқта: Біз сабақ ...

А) оқып отырмын Ә) оқып отырмыз Б) билеп беремін В) сатып аламын



9. Отыр сөзі қай етістік?

А) күрделі Ә) болымсыз Б) ара В) тұйық



10. Сызба сөзі қай етістік?

А) болымды Ә) болымсыз Б) күрделі В) негізгі



Тексеру.

9. Бағалау.

10. Үй тапсырмасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет