3 - жаттығу Ситуацияляқ есеп: Әңгіме Оқушыларға сұрақ 1 әңгіме. Аяулым сабақтан кейін көкөніс дүкенінде істейді. Ол осы дүкенде істейтін Жанардың ЖҚТБ –мен ауыратынын естіді. Аяулымнын шешесі бұл туралы біліп қойып, Аяулымнын бұл жұмысты тастағанын жөн көреді.
а) Аяулым шешесіне АҚТҚ –нің таралу жолдары туралы нені айтады?
б) Аяулымга жұмысты тастау керек пе?
в) Жанармен бірге жұмыс істей отырып,
Аяулымнын зақымдануының қауіпі қандай
дәрежеде?
2 әңгіме. Марат 15 жаста, ол ЖҚТБ –ні тудыратын АҚТҚ – мен зақымдалған. Ол ауру болып көрінбейді, бірақ тез шаршайды. Ол мектепке баруын жалғастырғысы келеді, бірақ осы туралы біреуге айту керек пе, соны білмейді.
а) Сендер қалай ойлайсыңдар, Маратқа мектепке баруын жалғастыру керек пе?
б) Бұл туралы ол біреуге айту керек пе?
в) Егер де ол жөніңде сендерге айтса, сендер қалай қарар едіңдер?
г) Егер де Марат сенімен бір партада отырса, АҚТҚ –мен зақымдану қауіпі қандай дәрежеде?