Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Оқыту әдісі: Әңгіме, практикалық



бет7/9
Дата25.04.2022
өлшемі30,19 Kb.
#140738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
АҚТҚ

Коррекциялық жұмыс: ЖҚТБ ауруының қасіретін түсіндіріп, сақтану жолдарымен таныстыра салауатты өмір сүруде зор мәні бар екенін түсіне отырып, өзі өмір сүрген қоғамда жолдастарына, туыстарына осындай жаман қылықтардан аулақ болуға, әрқашан қолынан келген өз көмегін беруге дайын болуға бағыттап тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: ұғынып түсінгендерінің өз өмірлерінде денсаулықтарын қорғау жолында,салауатты өмір сүруде зор мәні бар екенін түйсіне отырып,өзі өмір сүрген қоғамда жолдастарына,туыстарына осындай жаман қылықтардан аулақ болуға,әрқашан қолынан келген өз көмегін беруге дайын болуға бағыттап тәрбиелеу.

ЖҚТБ (СПИД)жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі ауруы жер шарынан пайда болғанна бері адам баласының өмірі қорқынышты жағдайда өтуде.Өйткені бұл ауру өзінің қатерлігі жағынан «Ғасыр дерті»деп бекер аталмаған.Аурудың емделу жолын іздеп дүниежүзі ғалымдары дүркін-дүркін бас қосып қарсы егілетін вакцина мен дәрі-дәрмекті жасап шығарудың амалын қарастыруда,өкінішке қарай жасалған дәрі-дәрмектердің күші ауруды уақытша тежеуге ғана жетеді.Емделу уақыты өте ұзақ әрі қымбат.
Ауруды емделудің қиындығы сол-оның қоздырғыш вирусы өте қу,ол өз формасын тез құбылтып,өзгертіп отыратындығында.
Аты шулы ауру ХХ ғасырда белгілі болып, енді ХХІ ғасырдың табалдырғын емін еркін аттауда.
Қатерлі аурудың жыл санап өршуінің бірден-бір себебі қоғамдағы салауатты,мәдениетті өмірдің бұзылуы,есірткі шегушілердің көбеюінің салдары.Осы кесел адамзат өміріне тек «Өлім дәнін себуде».Саналы азамат салауатты ғұмыр сүріп,дені сау ұрпақты тәрбиелеп отбасында пайдалы еңбек етіп,денінің сау болуын санасынан ешқашан шығармауға тиісті,яғни міндетті.
Тәуелсіз елімізідің болашағы сендерсіңдер,сондыңқтан сендердің де естен шығармайтын міндеттерін,яғни әрқайсысың бұны «азаматтық борышың»деп ұғынуларың қажет.Сендердің әрқайсыңды аналарың дүниеге келтіріп өмір сыйлағанда «балам есті азамат болып өсіп,халқына қызмет етсін»деп тілек тіледі.Ендеше өзін-өзі «Мен адаммын»деп санайтын әр азамат өзінің адамдық борышын дұрыс өтеуге тиісіті.Өз өмірлеріңізді көлденең кеселден қорғау,дұрыс өмір сүру,әр түрлі жат қылытардан(темекі шегу,арақ ішу,есірткі қолданудан)аулақ болу туралы көптеген газет-журнал,дәрігерлік басылымдарды оқып,біліп пікірлестік.Бүгін сол тәрбие жұмыстарынан алған білімдеріңді,әсерлеріңді сараптау үшін сендерге төмендегі сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Жаттығу «Сызықтар»
Ойынның мақсаты: АҚТҚ-ны жұқтырғанда қоғамнан шеттелгенін түсіну. АҚТҚ-ға шалдыққандарға адамгершілік көзқарасты тәрбиелеу. Бұл ойынның басынан аяғына дейін ешкім сөйлемейді. Ойынға қатысқан әрбіреуінің маңдайына қызыл немесе жасыл сызық жабыстырады және әрбіройыншы өз сызығын көрмеуі керек. ал біреуіне сары сызық жабыстырады. Ол сызықтың түсіне байланысты топтарға ұйымдасуы керек, бірақ бәрі бір-біріне көмектесе алады.
Жаттығуды талқылау. ТОПТАРҒА СҰРАҚТАР:

  • Сендер өз топтарыңды қалай таптыңдар?

  • Сары сызықты ойыншыға топтың көзқарасы қандай болды?

  • Неліктен сары сызықты ойыншыны еш топ алған жоқ

  • Сары сызықты ойыншыны топ алғысы келе ме?

Сары сызықты ойыншыға сұрақтар:

  • Сенің сенімдерің қандай?

  • Сен қандай да бір топта болғың келе ме?

Барлық топқа сұрақ:

  • Қоғамнан шектелу күйін қаншалықты жиі сезінесіңдер?

  • АҚТҚ ауруына шалдыққандарда осындай жағдай туу мүмкін бе?

Қорытынды: бір ойыншы басқалардан ерекше болып қалды. Ол кез келген бір топқа кіргісі келеді, бірақ оны ешқайсысы алмайды. Бұл жағдайды АҚТҚ ауруына шалдыққандарға қолдануға болады. АҚТҚ менЖҚТБ –ны қара беттік пен қорқыныш қоршап жатыр, ал осының салдарынан зардап шеккен адамдар кемсітушілікке ұшырайды. АҚТҚ-ға шалдыққандарға дәрігерлік көмек көрсетпеуі мүмкін, оларды жұмысынан немесе үйінен қуып шығуы мүмкін, олардың отбасын далаға қуып шығуы мүмкін, оларды өлтіруге дейін баруы мүмкін. АҚТҚ ауруына шалдыққандарды кемсітіп саулардан бөлу арқылы біз адам құқығын бұзамыз, қоғамда олар туралы қате көзқарас туғызамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет