2 – жаттығу. Шағын топтардағы жұмыс. Оқушыларды 2–топқа бөлеміз.
Бірінші АҚТҚ қалай берілетінін талқылап, қағазға жазуды, ал екінші топқа АҚТҚ қалай берілмейтінін талқылауды ұсынамыз. Оқушылардың назарын алдыңғы жаттығуда көрсетілген адам организміндегі АҚТҚ берілуі мүмкін сұйықтықтарға (қан, шауқат, қынап ылғалы, ана сүті) аударамыз.
Талқылаудан кейін әрбір топ жетекшілерін таңдайды, ол өз тобының жұмыс нәтижелерін қағазға жазып барлық қатысушыларға көрсетіп, оқып береді. Жауап дұрыс оқылуы үшін жұмыс барысында қағаздың үлкен парақтары мен маркерлер қолданылады.
Әрбір жетекші сөйлеп болған соң, оқытушы басқа оқушылардан жауапты толықтыруларын, өз ескертпелерін айтуын, түзетулер енгізуін сұрайды. Жаттығу соңында оқытушы қорытынды жасайды.