Сабақтың тақырыбы: Еліміздің білім беру жүйесінің тарихы
Сабақтың мақсаты: 1) білім беру жүйесі, ҚР білім беру жүйесінің тарихы, ҚР «Білім туралы» Заңы туралы мағлұмат беру;
2) Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы,педагогика ғылымының салалары жайлы білімдерін одан әрі жетілдіру;
3)Отан сүйгіштікке,өз елінің заңдарын берік ұстануға, топта бірлесіп жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жанашырлыққа, төзімділікке,сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:аралас Қолданылатын әдіс-тәсілдер:оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер
Қолданылатын көрнекі құралдар:интерактивті тақта, постерлер мен маркерлер, бейнероликтер, «ҚР білім беру жүйесінің тарихы, ҚР «Білім туралы» Заңы» таныстырылымы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық атмосфера қалыптастыру; -Қайырлы күн, құрметті білімгерлер! Сіздерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Мен сіздерден бүгінгі сабақта барынша белсенділікті күтемін, өз ойларыңызбен еркін бөлісулеріңізді қалаймын!
Топтастыру Геометриялық фигуралардың көмегімен қатысушыларды топқа бөлу; Топқа бөліну барысында қатысушылар таңдаған фигураларына байланысты мінездемелермен танысады. Өздері туралы жақсы пікір позитивті көңіл күй сыйлайды.