Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: аралас


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#81233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ашық сабақ

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар» немесе«сіз сенесіз бе» Оқушылар мұғалім ұсынған тұжырымдар ішінен дұрыстарын таңдайды. Оны негіздейді.Тапсырманы топпен алмастырып, бірін-бірі тексереді. Қателерін тауып,берілген сұрақ жауабын дұрыстайды. Қателескен топ оның дұрыстығына көз жеткізеді
Жүргізу тәртібі:
1. Сіздердің столдарыңызда нөмірленген кесте тұр.
2. Мен сіздерге сұрақты оқимын, сіздер оны топта талқылап отырып, оған жауап бересіздер. Сұрақтар «сіз сенесіз бе? немесе сіз келісесіз бе? деп басталады.»
3. Егер сіз келіссеңіз немесе сенсеңіз «+» белгісін, келіспесеңіз «-» қоясыз.



1



2

3

4

5

6

7

8

9

10

+

+

-

-

+

-

+

-

-

+

Сұрақ :
1)сіз сенесіз бе, педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады /ия/
2) сіз келісесіз бе, тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының салалары пайда болды /ия,келісемін/
3)сіз келісесіз бе, мектеп жасына дейінгі педагогика тек балабақшадағы балалардың тәрбиесін зерттейді./жоқ, отбасы мен балалбақшадағы мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі/
4) сіз келісесіз бе, мектеп педагогикасы 5 бөлімнен тұрады екен/ жоқ, 4 бөлімнен/
5) сіз сенесіз бе, «Дидактика» оқытудың заңдылықтарын қарастыратын педагогиканың бір саласы екен /ия /
6)сіз келісесіз бе,дефектология екі салаға ғана бөлінеді/жоқ, 4 салаға бөлінеді/
7)сіз келісесіз бе, педагогика бірнеше ғылымдармен байланысы бар /ия, келісемін./
8) сіз сенесіз бе, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас ерекшелігін,бала физиологиясын ескерудің еш маңызы жоқ/жоқ,сенбеймін/
9)сіз келісесіз бе,этнография мен археология ғылымдарының баланы оқыту мен тәрбиелеуде еш пайдасы жоқ /жоқ, келіспеймін/
10) Сіз сенесіз бе,кибернетика педагогика ғылымымен байланысты.Ол күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын,олардағы ақпараттарды беретін ғылым. /ия,дұрыс тұжырымдама/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет