Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру Сабақтың түрі: теория



бет3/3
Дата08.06.2018
өлшемі270,5 Kb.
#41140
түріСабақ
1   2   3

Резистенттілігі. Бруцеллалар қайнатқанда, дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенмен төменге температураға тұрақты (тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 айға дейін сақталады.)

Эпидемиологиясы. Бруцеллез – зоонозды инфекция; жұқтыру көзі ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Қазақстанда бруцеллездің негізгі жұқтыру көзі- Вrucella melitensis бөлетін қойлар, дегенмен сиырлар да жұқтырады (Вrucella abortus). Бруцеллезбен зақымдану сүт тағамдарын, ет қолданғанда болады. Ауру жануарлармен қатынаста болған малшылар, сауыншылар ауырады.

Клиникалық белгілері. Инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға дейін созылады. Дамыған аурудың белгілері әр түрлі. Бруцеллез кезінде ұзақ дене қызбасы, қалтырау, тершенділік, буындардың ауырсынуы байқалады. Кей жағдайларда радикулиттер және миозиттер пайда болады.

Иммунитеті. Аурудан соң тұрақсыз, ұзаққа созылмайтын 6-9 айға дейін сақталатын иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеуге алынатын материалдар – қан, зәр, сүйек кемігі. Негізгі диагностика әдісі- бактериологиялық, қоздырғыштың туыстыстығын ғана емес, инфекция көзін табу үшін түрінде анықтайды, Райт, Хеддельсон агглютинация реакциялары, тікелей емес геммаглютинация реакциясы, тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы).

Емдеуі. Негізгі емі – антибиотикпен емдеу. Сирек емдеу үшін өлі вакцинаны қолданады.

Сақтандыруы. Бруцеллездің негізгі сақтандыруы-санитарлық –гигеналық шаралар маңызды роль алады (соның ішінде сүттің пастеризациясы).


Сібір жарасының бациллалары

Сібір жарасы Bacillus anthraсіs тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, тері және лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталады. Сібір жарасы қоздырғышын 1876 ж. Р. Кох ашты. Таксономиясы, морфологиясы, дақылдық қасиеті. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне жатады. Ірі, грам оң қозғалмайтын таяқша бактериясы, спорасы орталықта орналасады; адам мен жануарлар ағзасында, сондай- ақ арнайы қоректік орталарды капсула түзеді. Сібір бациллалары негізгі қоректік орталарда жақсы өседі;
Резистенттілігі. Тірі ағзада қоздырғыш вегетативті түрде болады, сыртқы ортада тұрақты спора түзеді. Вегетативті формасы тұрақсыз: 15 минут ішінде 60°С, қайнатқанда 1 минуттан кейін жойылады. Споралары ерекше жоғары резистентті: жоғары температурада 2- 3 сағат ішінде 140° С температура оларды жояды; автоклавта 121° С температурада олар 15-20 мин. кейін жойылады. Споралар 100 ж. дейін топырақта сақталады. Жануарлардың сезімталдығы. Сібір жарасы қоздырғышына сезімтал болып келетіндер: ірі және ұсақ қара мал, жылқылар, түйелер, шошқалар, жабайы жануарлар. Эпидемиялогиясы. Адамдар арасында аурудың деңгейі жануарлар арсындағы эпидемиялық таралуына байланысты. Инфекцияның көзі- ауру жануарлар. Топырақта қоздырғыштың ұзақ сақталуы жануарлар арасында сібір жарасының эндемиялық ауруының тууына себеп болады. Инфекцияның таралу жолдары әртүрлі: қатынасты- тұрмыстық (жануарларды қарағанда, терісін алғанда, ауру жануарлардың жүнінен өнім жасағанда), аэрогенді- микробы бар шаңды жұтқанда, ауру жануарлардың шала өңделген етін қолданғанда және трансмиссиялық- шыбын- шіркейлер шаққанда.

Клиникалық белгілері. Сепсиспен күрделенетін сібір жарасының

терілік, өкпелік, ішекті формаларын ажыратады. Жасырын кезеңі 2- 3күн. Терілік түрінде қоздырғыштың енген жерінде карбункул дамиды- терінің терінің терең қабаттары мен қара қабықтың түзілуі пайда болады, геморрагиялық- некротикалық қабыну әсерінен. Ішекті және өкпелік түрлерінде интоксикация, ішек пен өкпенің геморрагиялық зақымдануы дамиды. Өлім көрсеткіші жоғары.



Иммунитеті. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады, рецидивтер болуы мүмкін. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалы- карбункулдың бөлігі, қақырық, қан, нәжіс. Бактериоскопиялық әдіс: патологиялық материалдан жағынды дайындап, грам әдісімен бояйды, капсуланы анықтау үшін Романовский- Гимзе немесе метилен көгі ерітіндісін қолданады. Бактериологиялық әдіс: ЕПА және ЕПС, қанды агарда таза дақылды бөледі. Биологиялық әдіс: теңіз шошқасы мен тышқандарға қоздырғышты жұқтырады (биосынама). Аллергиялық: тері ішілік сынаманы антраксин аллергенін қолданады. Шіріген нысандардан антигенді анықтау үшін диагностикалық сібір жарасының сарысуымен Асколи преципитациялық реакциясы қойылады. Емдеуі. Антибиотиктер: пенициллиндер, тетрациклин, левомицетин т. б. Сақтандыруы. Бейспецификалық сақтандыру ветеринарлы- санитарлық шаралардың кешеніне негізделдген: инфекцияның ошақтарын анықтайды және оны жояды. Арнайы сақтандыру Н. Гинсбург пен А. Тамариннің ұсынуымен СТИ тірі түйнеме вакцинасын қолдану болып табылады. Вакцина эпидемиялық көрсеткіш бойынша қолданылады, малшаруашылық жұмысшыларды егеді.

5. Жаңа тақырыпты бекіту:

а) «Екі қате, бір дұрыс» ойыны. Студенттер төрт топқа бөлінеді, әр топқа жеке тапсырмалар берілген.

Берілген анықтамалардың ішінен қате жауапты тауып белгілеу қажет.
1 Оба

1.Оба қоздырғышын 1894 жылы А. Иерсен және С. Китазато ашқан.

2.Аурудың қандайда болмасын түрінде науқастарды тұйықтайды (изоляциялайды), қатал карантиндік шаралар өткізеді.

3.Оба ауруын емдеуге антимикробты препараттар (стрептомицин, тетрациклин, левомецитин, рифампицин және басқалар) қолданылмайды.

Жауап: 3(Антимикробты препараттар қолданылады)
2 Туляремия

1. Туляремия қоздырғышы Cracillicutes бөлімі, Francisella туыстығына жатады.

2. Белсенді иммунитет туғызу үшін эпидемиялық көрсеткіштер бойынша туляремиялық өлі вакцина қолданады.

3. Бубонды, көз-бубонды, ангинозды-бубонды және септикалық турлерін бөледі. Өлім жағдайы 5%-ға дейін болуы мүмкін.

Жауап: 2 (тірі вакцина)
3 Бруцеллез

1. Бруцеллездің диагностикасында Райт, Хеддельсон агглютинация реакциялары, тікелей емес гемаглютинация реакциясы, тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы) жүргізіледі.

2. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

3.Бруцеллез – зоонозды инфекция; жұқтыру көзі ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек еліктер, жылқылар, иттер, мысықтар және тағы басқа жануарлар. Қазақстанда бруцеллездің негізгі жұқтыру көзі- Вrucella melitensis бөлетін қойлар, дегенмен сиырлар да жұқтырады (Вrucella abortus). Бруцеллезбен зақымдану сүт тағамдарын, ет қолданғанда болады.

Жауап: 2 (иммунитет тұрақсыз)
4 Сібір жарасы

1. Сібір жарасы бациллаларының споралары ерекше жоғары резистентті: жоғары температурада 2- 3 сағат ішінде 140 С температура оларды жояды. Споралар 1 айға дейін топырақта сақталады.

2. Сібір жарасының терілік, өкпелік, ішекті формаларын ажыратады.

3. Сібір жарасы барлық жерде таралған. ҚР- да 1500 –ден астам қауіпті бекеттер (ошақтар) барлық облыстарда орналасқан. Адамдар арасында аурудың деңгейі жануарлар арсындағы эпидемиялық таралуына байланысты.

Жауап: 1 (споралар 100 ж. дейін топырақта сақталады)
б) Ситуациялық есептер
1ситуациялық есеп

Науқас аңшылықтан келгеннен кейін бір аптадан соң дене қызуы 39° С –қа дейін көтеріліп, бас ауыруы, бұлшық еттердің ауырсынуы, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалды.

Сұрақ: -Қоздырғыш қалай аталады?

-Зертеу әдістері.

Жауап: - Francisella tularensis

- Туляремиялық диагностикум көмегімен АР қолданады, сонымен қатар КБР (комплементті байланыстыру реакциясы), ИФР, ИФТ. Туляринмен тері сынамасы қойылады. Нәтижелі сынамада енгізген орнында 12-24 сағаттан кейін қызару және ісіну пайда болады.

2ситуациялық есеп

Науқас сауыншы болып жұмыс істейді, дене температурасы 38° дейін жоғарылауына, әлсіздік, тершеңдік, буын ауырсынуына шағымданады. Объективті қарағанда жақ асты, қолтық асты, шат аймағындағы лимфа түйіндері ұлғайған.

Сұрақ: - Болжамалы диагноз қою.

-Диагностика әдістері.

Жауап: - Бруцеллез.

-Негізгі диагностика әдісі- бактериологиялық, қоздырғыштың туыстыстығын ғана емес, инфекция көзін табу үшін түрінде анықтайды, Райт, Хеддельсон агглютинация реакциялары, тікелей емес геммаглютинация реакциясы, тері аллергиялық сынамалар (бруцеллинмен Бюрне сынамасы).

3ситуациялық есеп

Науқас дене температурасы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлауына шағымданды. 2 күн бұрын мал терісін алып, етін бөлгеннен кейін көрсетілген симптомдар пайда болған. Теріні объективті тексергенде оң жақ шынтақ аймағында карбункул анықталды.

Сұрақ: -Аурудың аты, микроорганизм түрі.

- Қандай микробиологиялық зерттеулер жүргізу керек?

Жауап: - Сібір жарасы, терілік форма. Bacillus anthraсіs.

-Бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық ,

аллергиялық әдістер.

6.Сабақты қорытындылау.

Оқытушы білім алушылардың жауаптарын талдайды, бағаларды

түсіндіріп, жариялайды.

7. Үй тапсырмасы.

Тақырып: Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.

Пайдаланатын оқулықтар: 1. Н. А. Бакулина «Микробиология» 301- 316 бет.

2. Ү. Т. Арыкпаева, А. Н. Саржанова, Э. Х. Нуриев «Медициналық



микробиология» 61- 65; 323- 325 бет.

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы





Сабақ бөлімдерінің атау

Уақыт тәртібі

1

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

3 минут

3

Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

20 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

45 минут

5

Жаңа тақырыпты бекіту

15 минут

6

Баға қою

3минут

7

Үй тапсырмасы

2 минут


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет